688

Бразилия Парламентінің өкілдері Жетісу облысына барған

Жетісу облысына Бразилия ұлттық конгресі Сенаты депутаттарының – «Бразилия-Қазақстан» достық тобы мүшелерінің делегациясы келген. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды

Бразилия Парламентінің өкілдері Жетісу облысына барған
Gov.kz

Сенат төрағасының үшінші орынбасары, «Бразилия – Қазақстан» достық тобының төрағасы Чико Родригес пен сенатор Анджело Мартинз жылы қабылдағаны үшін алғысын білдіріп, халықаралық сауданы дамыту үшін Жетісу облысының географиялық тұрғыдан тиімді орналасқандығын айтқан.

Тараптар сондай-ақ ауыл шаруашылығы, тау-кен өнеркәсібі және азық-түлік өндірісі саласындағы қатынастарды дамыту мүмкіндіктері туралы пікір алмасқан.

Кездесу соңында кездесуге қатысушылар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға және нақты бағыттарды айқындауға ниетті екендіктерін білдірген.