iPhone 15 елге заңсыз жолмен әкелген азамат Алматы халықаралық әуежайында ұсталды

29.09.2023, 11:05
747
iPhone 15 елге заңсыз жолмен әкелген азамат Алматы халықаралық әуежайында ұсталды Gov.kz

Алматы халықаралық әуежайында iPhone 15 ұялы телефондары контабандасының жолы кесілді. Бұл туралы smartnews.kz сайты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

2023 жылы 22 қыркүйекте «Дубай-Алматы» рейсін кедендік бақылау кезінде жеке тұлғаның декларацияланбаған 34 дана iPhone 15 телефондарын әкелу әрекетінің жолы кесілді. Телефондардың алдын-ала есептелген кедендік құны – 25,3 млн. теңгені, келтірілген шығын көлемі – 3,1 млн. теңгені құрайды.

Заң бұзушылықты Алматы қаласының «Жетісу» кеден бекетінің мамандары Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің және ҚР ҰҚК ШҚ «Алматы» шекаралық бақылау басқармасының қызметкерлерімен бірлесіп, Алматы қаласы Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен анықтады.

Ұялы телефондар жеке тауарлар санатына жатады және жеке тұлғалар оны кедендік шекара арқылы өткізген кезде олардың саны бір адамға екі бірліктен аспауы тиіс (ҚР ҚМ 2015 жылғы 31 наурыздағы № 250 бұйрығы).

Тәркіленген тауарлар кедендік рәсімдеуден өту және рұқсат құжаттарын жасату үшін уақытша сақтау қоймасына жіберілді.

Ұялы телефондарды декларациялаусыз әкелуге әрекет жасаған адам ҚР ӘҚБтК-нің 551-бабының 1-бөлігіне сәйкес 103,5 мың теңге (30 АЕК) айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасының азаматтарын Алматы халықаралық әуежайының жолаушылар терминалында тыйым салынған және шектелген тауарларға, оның ішінде әскери және қосарлы мақсаттағы тауарлардың қозғалысына кедендік бақылаудың күшейгенін ескертті.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды