1046

Абай облысындағы Көші-қон қызметі басқармасы басшысының жемқорлығы әшкере болды

Абай облысындағы пара алған лауазымдының қылмысы әшкере болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Абай облысындағы Көші-қон қызметі басқармасы басшысының жемқорлығы әшкере болды
Ашық дереккөзден

Абай облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Көші-қон қызметі басқармасының басшысы мен Абай облысы Полиция департаментінің қызметкерлерін парамен әшкереледі.

Лауазымды тұлға өзінің қызметкері арқылы аудандық полиция бөлімшесінің қызметкерін қалалық көші қон қызметі бөліміне ауыстыруға жәрдемдескені үшін 1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған.

Күдіктілер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.