Елдегі жалдамалы жұмысшылар орта есеппен қанша жалақы алады?
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елде 5 525 550 адам біреуге жалданып жұмыс істейді.
Шағын кәсіпорындағы бір қызметкердің орташа жалақысы – 335 134 теңге.
Жылжымайтын мүлікке қатысты салаларда жұмыс істейтіндерге орташа 214 111 теңге төленеді. Ал тау-кен өндіру өнеркәсібіндегі жұмысшылардың айлығы — 676 817 теңге.
Жалақы ғылыми-техникалық қызметте – 407 227 теңге, көтерме және бөлшек саудада – 277 040 теңге.