Еліміздегі қарттар саны шамамен 2,6 млннан астам адамды құрайды
Ұлттық статистика бюросы нақты сандарды жариялады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.
2023 жылдың басындағы жағдай бойынша 60 және одан жоғары жас тобындағы халық саны 2 616 515 адамды (елдің жалпы санының 13,2%) құрады, оның ішінде 1 031 051 адам (39,4%) – ерлер және 1 585 064 адам (60,6%) – әйелдер.
Егде жастағы халықтың ең көп саны Алматы қаласы – 288 922 адам, Қарағанды – 200 186 адам, Түркістан – 190 160 адам және Алматы облыстарында – 177 685 адам.
2022 жылғы 60 және одан жоғары жастағы жұмыспен қамтылған халық саны 308,3 мың адамды құрады, оның 63,4%-ы ерлер және 36,6%-ы әйелдер. 2021 жылмен салыстырғанда 60-64 жас аралығындағы жұмыспен қамтылған халық саны 4,6% азайған, бұл ретте айтарлықтай төмендеуді осы жас тобындағы әйелдерге тиесілі – 16,1%-ға.
2021 жылмен салыстырғанда былтыр зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақы алушылар саны 2,8% артқан.
2021 жылмен салыстырғанда 60 жастан жоғары азаматтарға тағайындалған айлық зейнетақының орташа мөлшері 2022 жылы 9,7% артты.
2022-2023 оқу жылының басында 63 және одан жоғары жастағы және жоғары оқү орындарынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы ерлер саны 2 887 адамды, 60 жастан асқан әйелдерде саны – 4 189 адамды құрады. Оның ішінде магистр академиялық дәрежесі бар 322 адам, философия докторы – 132 адам, бейіні бойынша доктор – 145 адам, ғылым докторы – 1 512 адам, ғылым кандидаты – 3 336 адам, профессор – 1 238 адам және доцент – 1 986 адам.