29 қыркүйектегі Азия ойындарындағы спортшыларымыздың нәтижесі қандай?

30.09.2023, 08:46
833
29 қыркүйектегі Азия ойындарындағы спортшыларымыздың нәтижесі қандай? Туризм және спорт министрлігі

Кеше Азия ойындарында Қазақстан командасы бір күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Сапында Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов бар семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы Азиаданың күміс медалін жеңіп алды. Финалда біздің спортшылар Жапонияның командасынан (35:36) жеңіліп қалды.

Велотректен Қазақстан ерлер құрамасы (Рамис Дінмұхамедов пен Артем Захаров) мэдисон бағдарламасының финалында 37 ұпай жинап, 3-ші орынға ие болды.

1: 52: 25 уақыт аралығында үш кезеңнен өткен Аян Бейсенбаев триатлоннан қола медаль жеңіп алды.

Жеңіл атлетикадан еліміздің қоржынына алғашқы жүлдені Каролин Чепкоеч Кипкируи салды. 10 шақырымдық жарыста ол үшінші келді.

Шахматтан әйелдер құрамасы бірінші турда БАӘ командасын 4:0 есебімен жеңді, ерлер құрамасы Таиландтан 3,5:0,5 есебімен озық шықты.

Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Азиададағы 4-ші матчта Таиланд командасын 13:8 есебімен жеңді.

Хоккейден Қазақстанның әйелдер командасы Индонезиядан келген қарсыластарын 2:1 есебімен жеңді.

92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен боксшы Сағындық Тоғайбай Ираннан келген қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп, Азия ойындарының жартылай финалына шықты. Ал Карина Ибрагимова (57 кг) Солтүстік Кореядан келген спортшыны жеңді.

6-шы жарыс күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасының қоржынында 3 алтын, 4 күміс және 19 қола жүлде бар.

Романтика ма, дарақылық па? Тойға қайықпен кірген зейнеткерлер жұрттың мазағына айналды (ВИДЕО) Гүлзира Айдарбекова Астанадан сауда үйін ашқалы жатыр Имам қажылық үшін несие алу күнә екенін айтты Халыққа 350 келіден астам есек етін жеткізбек болғандар ұсталды «Уасилә, Христос, Тектұрмасжан»: Елімізде балаларға арналған сирек кездесетін есімдер тізімі жасалды Алматыдағы психдиспансерден екі адам қашып кетті Күйеуінің қолынан қаза тапқан марқұм әйелді мазақ еткен блогер жазаланды «АстраЗенека» және Ұлттық ғылыми онкология орталығы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды Ер адам мешіттен Құран ұрлап кетіп, оны өртеп жіберген Қазақстанға тағы бір циклон жақындап келеді «Өкпесі қара қазандай»: Илон Маск Трамптың жаңа заң жобасын «жиіркенішті» деп атады Құрбан айтта ХҚКО-лар қалай жұмыс істейтіні белгілі болды Алматыда сәбилерді сатумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды Салыққа тоймаған Трамп енді болат пен алюминий импортына баж салығын екі есеге арттырды Алмасбек Садырбайға 1,2 млрд теңге жымқырды деген айып тағылды Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаев 11 жыл 6 айға сотталды Астанадағы «7 бочек» кешенінде болған өрттен кейін тұрғындар уақытша қонақүйлерге орналастырылады Қазыбек Нөгербек алғаш рет классикалық шахматтан Қазақстан чемпионы атанды Газадағы көмек пунктіне шабуыл: 27 палестиналық көз жұмды, ондаған адам жараланды Ақбота Керімбекова ұлының үйлену тойын үйінің ауласында өткізді (ВИДЕО)