Павлодарда студентті құйрығынан ұрғылаған оқытушы жұмыстан қуылды

30.09.2023, 16:14
1083
Павлодарда студентті құйрығынан ұрғылаған оқытушы жұмыстан қуылды pavlodarnews.kz

Павлодар қаласындағы монтаждау колледжінде болған оқиға жөнінде smartnews.kz сайты pavlodarnews.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желіде шәкіртін белгісіз затпен ұрып жатқан ұстаздың видеосы тарады. Онда Павлодар қаласындағы монтаждау колледжінің арнайы тәртіп пәнінің мұғалімі кәмелет жасқа толмаған жасөспірімді соққыға жыққаны анық көрінеді. 

Осы оқиғаға қатысты монтаждау колледжінің директоры Рeнат Дүйсекенов ата-аналардан кешірім сұрап, аталған оқиғаға қатысты өз пікірін білдірді.  

- Бүгінгі күні орын алған келеңсіз жағдай бойынша Павлодар монтаждау колледжі әкімшілігі шұғыл шаралар қабылдап, бірқатар жұмыстар жүргізді. Әрине, ешқандай мұғалімге ешбір баланың құқығын таптауға, балаға қарата ауыр сөздер айтуға, қол жұмсап, күш көрсетуге жол берілмейді. Бұндай әрекеттер Қазақстан Республикасының заңнамаларына сай қарастырылып, шаралар қабылданады. Әлеуметтік желіде таралған бейнематериал негізінде баланы ұрып-соққан оқытушы-мұғалім де жауапқа тартылып, бала, ана-ана, қоғам алдында жіберген өрескел қателігі үшін жаза тартып отыр, - деді ол.

Колледж директоры ұстаздың бұл қылығы педагогикалық әдеп кеңесінің отырысында шұғыл қарастырылып, оқытушы-мұғалім кінәлі деп танылып, бүгінгі күні жұмыстан бостылғанын мәлімдеді. 

- Сонымен қатар, зәбір көрген оқушымен, оның ата-анасымен колледж әкімшілігі байланысқа шығып, кеткен қателік пен озбырлық әрекет үшін кешірім сұрады, екі жақты оңтайлы келісімге келіп, әкімшілік тарапынан олқылықтың орнын толтыруға күш салатынын айта кеткіміз келеді. Сонымен қатар, барлық облыс пен қала тұрғындарынан, колледж студенттерінен, жалпы қоғамнан оқытушы-мұғалімнің тарапынан кеткен өрескел қателік үшін кешірім сұраймыз, - деді Рeнат Дүйсекенов.

Ал облыстық полиция департаменті бұл факт бойынша полицияға ешкім жүгінбегенін мәлімдеді. Десе де осы бейне бойынша полиция тексеру жүргізуде. Факт Павлодар қаласы полиция бөлімінің оңтүстік полиция бөлімінде тіркелген.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады