694

Семейде ер адам көпірдің үстіне шығып алған

Ер адамның мұндай әрекетке бару себептері анықталып жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Семейде ер адам көпірдің үстіне шығып алған
Polisia.kz

Қалалық полицияға жергілікті тұрғыннан 28 жастағы азаматтың көпірдің аспалы құрылымына шығып алғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына дереу жеткен полицейлер ақпаратты растады. Бұл ақпарат бірден Абай облыстық ТЖД-ның құтқару бөлімшелеріне жеткізілді.

Полицейлер құтқарушылар келгенше жігітпен келіссөз жүргізді.

Төтенше жағдайлар қызметкерлері альпинистік құралдарды пайдаланып, аспалы көпірдің бағанасына шығып, ер адамға жетіп, оны төмен түсірді.

Қазіргі уақытта 28 жастағы облыс тұрғыны психикалық денсаулық орталығына жеткізіліп, мамандар онымен жұмыс істеп жатыр.