692

Тимур Бекмамбетов Атыраудағы «Мир» кинотеатрының ғимаратын қалпына келтірмек

Атыраудағы кездесулер мен іс-шаралар барысында режиссер бұрынғы «Мир» кинотеатрының ғимаратын қалпына келтіру ойы бар екенін айтқан. Бұл туралы smartnews.kz сайты АқЖайық басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Тимур Бекмамбетов Атыраудағы «Мир» кинотеатрының ғимаратын қалпына келтірмек
Azh.kz

Тимур Бекмамбетов бұрынғы «Мир» кинотеатрының ғимаратын қалпына келтіру және онда мәдени орталық ашу жоспарлары туралы айтты. Ғимаратты бастапқы түріне келтіргісі келеді, әсіресе интерьерін. Жобаны жүзеге асыру мақсатында оның бұрынғы келбетін қалпына келтіру үшін кинотеатрдың ескі фотосуреттері керек.

Егер кинотеатрдың, оның іші қандай болғаны түсірілген ескі суреттер бар болса, оны тегін немесе ақылы түрде сатып алуға дайынмын, - дейді Т.Бекмамбетов.