Астанада «5G KcellRUN» марафоны өтті

30.09.2023, 20:46
596
Астанада «5G KcellRUN» марафоны өтті Gov.kz

Бүгін елорда төріндегі Ботаникалық саябақта жүгіру марафоны өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Еліміздегі ірі операторлардың бірі — Kcell компаниясының 25 жылдығына орай Астана мен Түркістан қаласының қызметкерлері бір мезетте 5 және 10 шақырым қашықтыққа жүгірді.

«Өздеріңізді алдымен еліміздің ірі мобилді байланысы Kcell компаниясының 25 жылдығымен құттықтауға рұқсат етіңіздер!

Бүгінгі «5G KcellRUN» марафоны – бірден-бір бұқаралық спортты дамытудағы үлкен қадам.

Шынайы пейілдеріңізбен бүгінгі сенбінің таңында ұйымдастырылған іс-шараға қатысуға белсенділік танытқандарыңызға алғысымды айтамын.

Өздеріңізді бүгінгі марафонның межесіне жеңіл жетулеріңізді тілеймін.
Жүгіруді дағдыға айналдырған тұрғындарымыздың саны арта берсін!» — деп іс-шараның ашылу салтанатында Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы ММ басшысы Самат Жылқыбаев құттықтады.

10 шақырымдық жарыста жеңіл атлетикадан ел чемпионатының қола жүлдегері Әлімжан Балтабек қарсылас шақ келтірмесе, әйелдер арасында Гүлнүр Елемесова топ жарды. Ал 5 шақырымда Дмитрий Адамович (ерлер) және Ева Пинчук чемпион атанды.

Жүлде қоры 10 млн теңгені құрап, жеңімпаздар ақшалай және медальмен марапатталды.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады