Ақмола облысында өңірлік IT-хаб ашылды

01.10.2023, 09:08
766
Ақмола облысында өңірлік IT-хаб ашылды astanahub.com

Көкшетау қаласында Aqmola IT Hub өңірлік технопаркінің ашылуы өтті.

«Smart Aqmola» КММ базасында Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркімен бірлесіп құрылған бұл инновациялық орталық Ақмола облысындағы IT-саласын дамытудың негізгі алаңына айналуды көздеп отыр.

Aqmola IT Hub негізгі міндеті – ІТ-стартаптарды құру және дамыту, сондай-ақ ІТ мамандарын оқыту және аймақтағы ІТ қауымдастығын қолдау. Мұнда жергілікті IT мамандарының біліктілігін арттыруға және инновациялық жобаларды дамытуды ынталандыруға бағытталған түрлі шаралар, тренингтер мен конференциялар өткізіледі.

Технопарктің ашылуы аясында IT мамандарын даярлау мақсатында жеке тұлғаларды оқытуды қаржыландыруды қарастыратын Tech Orda бағдарламасы іске қосылды. Алдағы 6 айда 18 бен 45 жас аралығындағы 40 студент Kokshelab және Ozen.Vision жеке IT мектептерінде Python және Data Analytics тілінде бағдарламалау бойынша білім алады. Әрбір студент 600 000 теңгеге дейін грант ала алады, бұл грантты аккредиттелген жекеменшік оқу орындарында әртүрлі IT мамандықтары бойынша оқуға жұмсауға болады.

Tech Orda бағдарламасы Ақмола облысы әкімдігінің және ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің  қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Ол ІТ саласындағы адами капиталды дамытуға бағытталған және аймақтағы ІТ саласын дамыту үшін қолайлы жағдай жасаудағы маңызды қадам болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл жыл басынан бері Astana Hub және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ҚР ЦДИАӨМ бастамасымен ашылған 10-шы өңірлік IT-хаб. Қазіргі уақытта Қазақстанның аймақтарында мына IT-хабтар жұмыс істейді: Abai IT Valley (Семей), Kyzylorda Hub (Қызылорда), Digital Jetisu (Талдықорған), Zhambyl Hub (Тараз), Oskemen IT Hub (Өскемен), Jaiq Hub (Орал), Түркістан IT Hub (Түркістан), Aqtobe IT Hub (Ақтөбе қ.), Qostanai It Hub (г. Костанай).

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды