Жылу беру маусымы басталды: биыл Екібастұз тағы қатып қалмай ма?

01.10.2023, 15:07
860
Жылу беру маусымы басталды: биыл Екібастұз тағы қатып қалмай ма? Валерий Бугаев

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі жылытуға қатысты мәлімдемені жариялады.

Екібастұзда 1 қазан күні жылу беру маусымы ресми түрде басталады. Облыс әкімі кеншілер қаласында жылуды іске қосу процесін жеке өзі барып қадағалауда.

Бүгін әкім Асайын Байханов желілердің жылу қабылдауға дайындығын тексерген. Қазіргі уақытта мұндағы қайта жаңартылған № 2, 5, 8, 12 төрт жылу магистраліне гидравликалық сынақтар жүргізілді, сондай-ақ, желілерді жуу жұмыстары аяқталған. Қазір магистральдар химиялық тазартылған сумен толтырылып жатыр.

Көктемде және күзде гидравликалық сынақтар кезінде анықталған барлық ақаулар жойылып, желілер жылу және ыстық сумен қамтамасыз ету үшін жылу энергиясын беруге дайын.

- Ертең біз қалаға жылу беруді бастауды жоспарлап отырмыз. Осы мақсатпен Екібастұзға келдім және үш күн бойы осында болуды жоспарлап отырмын. Іске қосу кезінде жылу желілері қызметкерлерінің, энергетиктердің және жергілікті әкімдіктің жұмысы жылумен жабдықтаудың барлық жүйесін теңдестіруге бағытталатын болады. Бұл реттеуді қажет ететін технологиялық тұрғыдан күрделі жүйе, сондықтан, қазан айының басында біз оны тәулік бойы бақылайтын боламыз. Барлық желілер дайын. Екібастұзда барлығы 400 шақырымға жуық желі бар, оның 74 шақырымы ауыстырылды, бұл 20%-дан сәл ғана төмен. Өкінішке орай, қалған 80%-ы ескі желілер және оларда жылу бергенде жедел түрде жойылатын кішігірім ақаулар орын алуы мүмкін. Өткен жылы болған жағдайға жол бермейміз, - деді облыс әкімі.

Жылу беру барысында анықталған ескертулерді жедел жою үшін 19 жөндеу бригадасының кезекшілігі ұйымдастырылды.

Екібастұз ЖЭО-да 4 қазандық агрегаты (3 энергетикалық және 1 су жылыту) дайын. 10 қазанға дейін тағы 2 су жылыту қазандығы іске қосылады, ал, қалған 4 қазандық қазан айының соңына дейін аяқталады.

Бірінші кезекте Екібастұз ЖЭО-дағы қазандықтарды іске қосып, әлеуметтік нысандарды жылумен жабдықтау жоспарлануда. Содан кейін екі апта ішінде барлық көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ету жоспарлануда, одан кейін жеке сектор үйлері қосылатын болады.

- Жылу беру кестеге сәйкес жүргізілуі керек. Көптеген ғимараттар бір уақытта қосылған кезде жүктеменің күрт өсуіне жол бермейміз. Жүйені реттеу және теңдестіру қажет. Бұл іс-шараларды жедел штабта қадағалайтын боламыз, - деді облыс әкімі.

Жедел штаб өңір басшысының басшылығымен тұрақты жылумен қамтамасыз ету және Екібастұзда қажетті параметрлерді ұстау жөніндегі іс-қимылдарды үйлестіру үшін күн сайын жұмыс істейтін болады.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді