"Иноагент" Галкиннің концерті өтетін Алматы мен Астанадағы концерт залдар аяқасты жөндеуге кетті

01.10.2023, 15:56
877
"Иноагент" Галкиннің концерті өтетін Алматы мен Астанадағы концерт залдар аяқасты жөндеуге кетті ашық дереккөзден

Концерт залдардың аяқасты жөндеуге кетуіне не себеп?

Бүгін екі бірдей концерт зал уақытша жабылатынын жеткізді. 

 

Астанадағы Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы» МКҚК орналасқан «Qazaqstan» орталық концерт залы уақытша жабылатынын жеткізді. Оған себеп концерт залының маңындағы аумақта су құбыры желілерінде техникалық жұмыстар жүргізетіні. Сол үшін қонақтарды қабылдауға және бұл аралықта кез келген іс-шараны өткізуге мүмкіндік болмайтыны туралы хабарлады.

 

"Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» МКҰ-ның жоспарланған концерттері: 4 қазан - «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі Әлихан Дүйсенбайдың концерті, 6 қазан - «Халық қазынасы» ұлттық өнер орталығының солисі Айзат Қарабектің концерті, 7 қазан - «Қазақконцерттің жас таланттары» концерті болмайды.

Сонымен қатар, 8 қазанға жоспарланған М.Галкин концертінің Ұйымдастырушысы техникалық жұмыстар жүргізілуі бойынша мемлекеттік органның актісіне сәйкес, туындаған жағдай туралы ресми түрде хабарландырылғанын, Келісім-шартты біржақты бұзу туралы тиісті хабарлама жолданғанын хабарлаймыз.

2023 жылғы қазанның 4-10 күндері аралығына жоспарланған концерттік іс-шараларға билеттердің сатылымы тоқтатылуы, сатылған билеттер қайтарылуы тиіс", - делінген QazaqConcert парақшасында.

 

Сондай-ақ 2023 жылғы 1 қазаннан бастап Республика Сарайы жабылады. Оған себеп сахнаның апатты жағдайда болуы екен.

 

"Жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары мамандарының бағалауы бойынша бұзушылықтарды жою жөніндегі нұсқаманы орындау үшін екі апталық мерзім қажет. Сол себепті осы мерзімге жоспарланған барлық концерттер тоқтатылады.

«Алматы әуендері» КМҚК әкімшілігі жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын тезірек аяқтау үшін барлық тиісті шараларды қолданады" - делінген Алматы әуендері парақшасында.

 

Максим Галкиннің концерті өтетін тұста екі бірдей концерт залдың жабылуына көрермендер наразы боп отыр. Олар бұған себеп - Галкиннің Ресейде "иноагент" тізіміне енуі.

Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді