819

Қазақстан Азиада ойынынан қатарынан үш қола алды

Спортшылар бүгін жүлдені көптеп алуда. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қазақстан Азиада ойынынан қатарынан үш қола алды
Туризм және спорт министрлігі

Мария Дмитриенко - стенд атудан қола медалін жеңіп алды.

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында отандасымыз стенд атудан трап бағдарламасы бойынша жекелей сында 3-ші орын иеленді.

Сағындық Тоғамбай - стенд атудан қола медалін жеңіп алды.

Бокстан 1/2 финалда жерлесіміз алаң қожайыны Хан Сюэчжэньмен өткен айқаста жеңісті қарсыласқа берді.

Су добынан Қазақстан командасы көрші Өзбекстанды 16:8 есебімен жеңіп 3-орынға ие болды.

2010 жылдан бері су добынан Азия ойындарына қатысып келе жатқан Қазақстанның әйелдер құрамасы алдымен — күміс, 2014 жылы — қола, 2018 жылы — күміс медаль алған болатын.

Материал авторы