“Үш күн аза тұтамыз”: Түнгі клубтағы өрттен 11 адам қаза тапты
Испанияның оңтүстік-шығысында орналасқан Мурсия қаласындағы түнгі клубта шыққан өрттің салдарынан 11 адам қаза тапты. Бұл туралы smartnews.kz сайты ВВС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Өрт жергілікті уақыт бойынша таңғы 6-да Аталаяс аймағында орналасқан танымал театр түнгі клубында болған.
Билік өлім саны артуы мүмкін деп хабарлайды. Төтенше жағдайлар қызметі әлі де жоғалған бірнеше адамды іздеп жатыр.
"Қорқып отырмыз", — дейді Мурсия мэрі Хосе Бальеста испандық 24h телеарнасында айтқан сөзде. Ол қалада үш күндік аза тұту туралы жариялады.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші