Бүгіннен бастап көлік иелеріне жаңа push-хабарлама жіберіледі

02.10.2023, 16:54
625
Бүгіннен бастап көлік иелеріне жаңа push-хабарлама жіберіледі canva.com

eGov mobile мобильді қосымшасы көлік жүргізушілеріне техникалық байқау құжатының мерзімі өтетіні туралы push-хабарламалар жібереді, деп хабарлады «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ қоғаммен байланыс басқармасы.

Қазақстандықтар бүгіннен бастап push-хабарламалардың жаңа түрін алады. Хабарламалар диагностикалық тексеру картасының жарамдылық мерзімі аяқталатыны туралы алдын ала хабарлайды.

Бұл азаматтарға құжаттың жарамдылық мерзімі туралы 30 күн бұрын ескертуге мүмкіндік береді. Жіберілген push-хабарламалар eGov mobile мобильді қосымшасының «Хабарламалар» бөлімінде қолжетімді. Егер мобильді қосымша орнатылмаған болса, пайдаланушыға қосымшаны жүктеуге сілтемесі бар 1414 нөмірінен жаңа хабарлама келгені туралы SMS жіберіледі, - делінген хабарламада.

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ басқарма төрағасы Ростислав Коняшкиннің айтуынша, push-хабарлама жүргізушілер үшін ыңғайлы. Себебі ол бір ай бұрын жіберіледі, яғни азаматтардың жаңа құжатты қайта рәсімдеуге уақыты болады.

Осылайша, біз көлік иелеріне көптеген қауіптің алдын алуға көмектесеміз. Бүгінде eGov mobile әртүрлі өмірлік жағдайларға арналған push-хабарландырулардың 15 түрін ұсынады. Уақыт өте бұл сан артады, - деп атап өтті Коняшкин.

Сондай-ақ eGov мобильді қосымшасында цифрлық құжат – «Диагностикалық техникалық байқау картасы» қолжетімді. Жаңа құжатта техникалық жай-күй параметрлерінің тізбесі мен міндетті техникалық байқаудың нәтижелері көрсетілген көлік пен оның тіркемелерінің иесі туралы мәліметтер бар. Құжаттың мерзімі өтіп кетсе, ол цифрлық құжаттарда көрсетілмейді.

Көлік иелері электронды құжатты қағаз құжатпен қатар ұсына алады. Цифрлық құжатты eGov mobile қосымшасының басты бетіндегі «Цифрлық құжаттар» бөлімінен табуға болады. Құжат иесі оған QR коды арқылы қол жеткізе алады. Бұл құжатты сұраған тарапқа оның түпнұсқалығын тексеруге көмектеседі.

Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады