Студентті соққыға жыққан: Павлодар облысында оқытушы жұмыстан қуылды

02.10.2023, 20:41
539
Студентті соққыға жыққан: Павлодар облысында оқытушы жұмыстан қуылды Видеодан алынған кадр

Павлодарда студентті ұрған оқытушы жұмыстан қуылды. Оқиға Монтаждау колледжінде болған. Бұл туралы smartnews.kz сайты Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Оның білім алушыны ұрып жатқан сәтін студенттердің бірі бейнежазбаға түсіріп алыпты. Кейін белгілі болғандай 55 жастағы оқытушы тоқ күші туралы тақырыпты түсіндірген кезде студентті көрнекі құрал ретінде пайдаланған.

Алайда, оның бұл әрекеті қоғамның ашуын тудырды. Педагогтардың әдеп жөніндегі кеңесі мұғалімді қызметіне лайық емес деп танып, жұмысынан босатты. Аталған дерекке қатысты полиция іс қозғады. 

"Оқытушыға қатысты ұрып-соғу үшін әкімшілік іс қозғалды, материал сотқа жіберілді. Сонымен қатар, колледж басшысына қатысты материал білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне кәмелетке толмағанға қатысты құқыққа қайшы әрекеттерді полицияға жеткізбегені үшін жіберілді”, – дейді Павлодар облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Жанна Біләлова. 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды