Kaspi.kz «Жыл трансформаторы» атанды

03.10.2023, 11:01
595
Kaspi.kz «Жыл трансформаторы» атанды Kaspi.kz

Жыл сайынғы Kazakhstan Growth Forum-да үздік қазақстандық компанияларды марапаттау рәсімі өтті.

Мемлекеттік және басқа да цифрлық сервистерді біріктіргені үшін және қазақстандықтардың күнделікті өміріне кеңінен ендіргені үшін Kaspi.kz компаниясы басты «Жыл трансформаторы» атанды.

Kaspi.kz-тің басшысы әрі негізін қалаушылардың бірі Михаил Ломтадзе өз пікірін білдірді:

«Бүгінгі таңда Қазақстан – мемлекеттік қызметтерді онлайн көрсетуде әлемдегі ең дамыған елдердің бірі, ол әр қазақстандық үшін зор мақтаныш көзі. Қазақстандықтар үшін мемлекеттік қызметтерді барынша қолжетімді етуге тырысып жатқан мемлекеттік органдарға рақмет айтамын. Цифрлық даму министрлігі, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ, Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кірістер комитеті, Денсаулық сақтау министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Әділет министрлігі, Бас прокуратураның Құқықтық статистика комитеті, ІІМ Әкімшілік полиция комитеті мен азаматтарға арналған заманауи цифрлық сервистерді жасауға атсалысқан басқа да мекемелерге сенім артқаны үшін және бірлесіп жұмыс істегені үшін мың алғыс. Ал қазақстандықтар мемлекеттік қызметтерді тура өз смартфонында оңай әрі жылдам алады. Біздің жұмысымызды жоғары бағалағаны үшін форумның қазылар алқасына рақмет!»

Kazakhstan Growth Forum сараптамалық кеңесі жыл сайын еліміздің үздік компанияларын айқындайды. Биыл оның құрамына Ораз Жандосов, Сәкен Жұмашев (KPMG), Елена Бахмутова (АФК), Ельдар Әбдіразақов (Kazakhstan Growth Forum), Екатерина Бенджамин (IFC), Ерлан Досымбеков (EY), Ержан Досымбеков (Grant Thornton), Андрей Беклемишев (IDC), Дулатбек Икбаев (McKinsey & Company), Дана Іңкәрбекова (PwC), Дина Урастаева (Qazaq Independent Directors) сияқты беделді сарапшылар кірді.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады