"15 мыңы өмірден өтіп кеткен": Баспана кезегінде тұрған 230 мыңнан астам қазақстандық тізімнен шығарылды

03.10.2023, 11:48
597
"15 мыңы өмірден өтіп кеткен": Баспана кезегінде тұрған 230 мыңнан астам қазақстандық тізімнен шығарылды stan.kz

230 мыңнан астам қазақстандық баспана кезегінен шығарылады. Талдау нәтижесінде олардың 96 мыңнан астамы соңғы бес жылда үйлі болған. Кезекте тұрған тағы 533 адам Қазақстан азаматы емес. Деректер базасындағы 15 мың 600 азамат өмірден өткен. Бұл туралы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мамандары мәлімдеді. Бұл туралы smartnews.kz сайты Almaty.tv-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Жергілікті әкімдіктер баспанаға мұқтаж жандардың тізімін жыл сайын жаңартып отыруы тиіс. Жыл басында жүргізілген арнайы сараптама негізінде заң бұзылғаны анықталған.

"Заңға сәйкес егер азаматтың атында тұрғын үй тіркелсе, тұрғылықты мекенжайын ауыстырса үй кезегінен шығарылады", – деді ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі комитетінің бас сарапшысы Самат Бекжігіт.   

Бастама қолға алынғалы әкімдіктер 10 мың адамды кезектен шығарып үлгерді. Қазіргі таңда бұл жұмыс Цифрлық даму министрлігімен бірлесіп атқарылып отыр.

Айта кетсек, еліміз бойынша 647 мыңға жуық азамат кезекте тұр. Оның 430 мыңға жуығы халықтың әлеуметтік осал тобына жатады.

"Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі тапсырмасымен Астана қаласында баспана кезегінде тұрған тұрғындар тізімін түгендеп жатыр. Құқық меншігінде тұрғын үйі бар азаматтар кезектен шығарылуда. Бүгінгі таңда жоғарыдан келген тапсырма бойынша 3372 адам кезектен шығарылды", – деді "Тұрғын үй қоры" КММ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Бекжан Сипат.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды