Digital Bridge 2023: стартаптар мен ірі компаниялар Pitching Zone-да one-to-one кездесу өткізеді

03.10.2023, 14:03
844
Digital Bridge 2023: стартаптар мен ірі компаниялар Pitching Zone-да one-to-one кездесу өткізеді Astana Hub

12-13 қазанда Астанада өтетін Digital Bridge 2023 ірі IT форумы аясында стартаптарға ірі, орта бизнес және мемлекет өкілдерімен кездесуге мүмкіндік беретін Pitching Zone шарасы болады деп күтілуде, деп хабарлайды Astana Hub технопаркі.

Pitching Zone – стартаптар үшін өз жобаларын таныстырудың, түрлі салалардағы ірі корпорациялардың өкілдерінен кері байланыс алудың және әлеуетті ынтымақтастықты талқылаудың бірегей мүмкіндігі. Кездесулер speed networking форматында әрқайсысы 5 минуттан өтеді, бұл барынша тиімді ақпарат алмасуға мүмкіндік береді.

"Pitching Zone шарасына телеком, ақылды қала, тасымал, құрылыс, банк, мұнай және газ, электронды коммерция секілді салалардағы компаниялардың өкілдері жиналады. 50-ден астам стартап оларға дайын шешімдерді ұсынады. Бизнестің жасанды интеллектке сұранысы артып келе жатқанын атап өткім келеді, сондықтан өз жобаларына AI-ді сәтті кіріктірген стартаптарға қызығушылық ерекше", - деді Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев.  

 Компания өкілдері IT-стартаптардың қысқаша презентациясын тыңдап, бизнесті жақсартуға және нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға көмектесетін заманауи технологиялармен таныса алады. Ал, стартаптар өз өнімдерін таныстырып қана қоймай,   ынтымақтастық пен инвестиция мүмкіндігін талқылай алады.

Стартаптар пулы әлеуетті серіктестермен және олардың жобаларына қызығушылық танытқан инвесторлармен кездесу мүмкіндігін беретін технологиялық сұраныс негізінде құрылады.

Естеріңізге сала кетейік, Digital Bridge халықаралық IT форумы 2018 жылдан бері Астанада жыл сайын өткізіліп келеді. Биылғы форумның негізгі тақырыбы қазіргі әлемдегі жасанды интеллектің рөлін талқылау - Artificial and Human Intelligence: The right balance.

«Digital Bridge 2023» дәстүрлі түрде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың, әлемдік компаниялардың жетекшілерінің, ІТ-инновациялар саласындағы үздік халықаралық және отандық сарапшылардың және өңірдің венчурлық инвесторларының қатысуымен өтеді. Digital Bridge 2023 алаңында 20 000-нан астам қатысушы, 300+ IT-компания, 100+ инвестор мен бизнес-періште, 250+ спикер және 15+ елден 100+ стартап жиналады деп күтілуде.

Digital Bridge 2023 ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, Астана қаласының әкімдігі және Astana Hub халықаралық технопаркі.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады