Павлодар және Ақмола облыстарында ІТ хабтар ашылды

03.10.2023, 13:07
1733
Павлодар және Ақмола облыстарында ІТ хабтар ашылды astanahub.com

Көкшетау және Павлодар қалаларында Aqmola IT Hub және Pavlodar Hub өңірлік IT хабтар ашылды. Нәтижесінде бүгінде Қазақстанда 11 өңірлік хаб жұмыс істеп жатыр.

Өңірлік IT хабтардың негізгі мақсаты – аймақтарда инновациялық жобаларды дамыту және ақпараттық технологиялар саласындағы мамандарды даярлау. Бұл платформалар сонымен қатар стартаптарды, инвесторларды және тәлімгерлерді біріктіретін жергілікті IT-комьюнити құруға арналған кеңістік  болып саналады.

Инкубациялық кезеңде стартап жобаларды әзірлеу кезінде кәсіпкерлікке оқыту, инвестиция тартуға көмек көрсету, қаржылық есептерді жүргізу және т.б. жүзеге асырылады.

«Қазір барлық өңірлерде IT хабтардың қызметін дамытумен және түрлі шараларды ұйымдастырумен айналысатын комьюнити-менеджерлер бар. Аймақтарда Digital Nomands-пен серіктестікте вебинарлар және Google Def кездесулері жиі өтеді. Олимпиадалар мен хакатондар ұйымдастырылады. Бүгінге дейін өңірлік хабтарда 7 мыңнан астам адамның қатысуымен 300 іс-шара өткізілді», - деп атап өтті Astana Hub халықаралық технопаркі өңірлік даму кеңсесінің директоры Аида Дусова.

 Өңірлік IT хабтарды дамыту - Astana Hub қызметінің басым бағыттарының бірі. Биыл республика бойынша 14 өңірлік IT хаб  ашу мақсаты тұр.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында инновациялық экожүйені өңірлік деңгейде кеңейтудің маңыздылығы туралы айтты.  

Естеріңізге сала кетейік, ҚР ЦДИАӨМ бастамасымен, Astana Hub және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен жыл басынан бері Қазақстанның 11 аймағында IT хабтар ашылды: Abai IT Valley (Семей),  Kyzylorda Hub (Қызылорда), Digital Jetisu (Талдықорған), Zhambyl Hub (Тараз), Oskemen IT Hub (Өскемен), Jaiq Hub (Орал), Turkistan IT Hub (г. Түркістан), Aqtobe IT Hub (Ақтөбе), Qostanai It Hub (Қостанай), Aqmola IT Hub (г. Көкшетау), Pavlodar Hub ( Павлодар).

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді