Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты тергеу басталды

04.10.2023, 09:14
499
Астанада қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты тергеу басталды canva.com

Қаржылық мониторинг агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті қаржы пирамидасын құру және басқару бойынша «Sterling Invest» ЖШС басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жүргізіп жатыр.

Агенттіктің мәліметінше, аталған ЖШС-ның құрылыс материалдарын сатып алу үшін салымшылардан қаражат тартып, 20%-дан 40%-ға дейінгі мөлшерде сыйақы беруді уәде етіп, заңсыз әрекеттерді іске асырғаны анықталған. Инвестицияның ең төменгі сомасы – 200 мың теңге. Төлемдер келісімшарттарына сәйкес, 15 күннен 35 күнге дейінгі мерзімде іске асырылады.

Сонымен қатар, «MegaSnabGroup.KZ» және «Азия Сталь Казахстан» ЖШС еншілес кәсіпорындары анықталып, олар да сыйақылардың үлкен пайызын уәде ете отырып, құрылыс материалдарын сату және инвесторлардың қаражатын тарту бойынша ойдан шығарылған қызметпен айналысады. Бұған қоса компаниялар әрбір тартылған инвестор үшін инвестиция сомасының 5%-дан 10%-ға дейінгі мөлшерінде қосымша табыс алуға уәде береді.

Сот бұл қаржылық пирамиданы ұйымдастырушыға «үй қамауы» түріндегі бұлтартпау шарасы ретінде санкция берді. Қазір 80-нен астам адам жәбірленуші ретінде танылып, оларға жалпы сомасы 250 млн теңгеден астам материалдық шығын келтірілген, – деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге де деректері жария етуге жатпайды.

Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО)