Digital Bridge 2023: Адами және жасанды интеллектінің арасындағы тепе-теңдікті сақтау

04.10.2023, 13:21
1611
Digital Bridge 2023: Адами және жасанды интеллектінің арасындағы тепе-теңдікті сақтау astanahub

12-13 қазанда Қазақстанның астанасында Орталық Азиядағы ең ірі технологиялық форум - Digital Bridge 2023 өтеді. Форумның басты тақырыбы - Artificial and Human Intelligence: The right balance.

Бұл халықаралық форумға дәстүрлі түрде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, әлемдік компаниялардың жетекшілері, IT-инновация саласындағы үздік халықаралық және отандық сарапшылар, өңірдің түкпір-түкпірінен венчурлық инвесторлар қатысады. Digital Bridge-2023 алаңында 20 000+ қатысушы, 300+ IT компания, 100+ инвестор мен бизнес-періштелер, 250+ спикер және әлемнің 15+ елінен 100+ стартап бас қосады.

«Жасанды интеллект заманауи қоғамда маңызды рөл атқарады, сондықтан Digital Bridge-2023 технология мен адам әлеуеті арасындағы тепе-теңдікті қалай табуға болатынын талқылайтын тамаша алаңға айналмақ. Бұл форум сала мамандары мен сарапшыларына өз білімдерімен бөлісуге мүмкіндік береді. Осы арқылы адамзатқа жасанды интеллект қызмет ететін болашақты бірлесіп құруға жол ашады. Қазақстан осы бағытта инновациялық өсудің жоғары әлеуетіне ие болып отыр. Қазіргі таңда елімізде ғалымдар мен жас таланттардың шоғырлануы үшін қолайлы жағдай жасалуда. Біздің азаматтарымыздың әртүрлі салаларда әзірлеген жасанды интеллект өнімдері бар, олар қазірдің өзінде әлем назарын аударып отыр. Біз мұны сөзсіз, мақтан тұтамыз. Жасанды интеллект экономиканы, өнеркәсіпті, ғылым мен техниканы дамытуда зор әлеуетке ие», - деп атап өтті ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин.

Форумның екі күндік бағдарламасы ауқымды шараларды қамтиды - ҚР Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін пленарлық отырыс және one-to-one кездесулер, халықаралық спикерлермен 30+ панельдік сессия, келісімдерге қол қою, Hub Battle үздік IT-стартап үшін дода, Google for Startups іс-шаралары, Digital Bridge Awards – үздік стартаптарға, инновациялық жобаларға және кәсіпкерлерге берілетін халықаралық сыйлық, 100 қазақстандық және шетелдік технологиялық стартаптар өздерінің инновациялық шешімдерін ұсынатын Стартап аллеясы.

Форумның бес жыл қатарынан IT-қауымдастықтың ерекше назарын аударып, қалың жұртшылықтың қызығушылығын тудырған ең қызықты оқиғасы – Astana Hub Battle – үздік IT стартаптардың ең ірі додасы. Биыл батлдың жүлде қоры 4 есеге ұлғайды.

«Биыл біз Astana Hub Battle концепциясын сәл өзгерттік. Жеңімпаздар үш номинация бойынша марапатталады - Best Social Impact, The Most Innovative, Exponential Growth. Ал жүлде қоры $75 мыңға дейін артады, әр номинация бойынша $25  мың. Қазылар алқасының құрамында елімізідң ірі инвесторлары болады, сондықтан ресми жүлдеден бөлек, перспективалы жобалар қазылар алқасынан қосымша ұсыныстар алуы мүмкін», - деді Мағжан Мәдиев, Astana Hub бас директоры.

Айта кету керек, Astana Hub Battle экожүйенің жаңа қатысушыларын анықтап, отандық стартап мәдениетін насихаттауға және технологиялық кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған. Батлға қатысу үшін стартаптарда MVP немесе PMF сатысында ауқымды жоба болуы керек. Бұған дейін байқауда Kwaaka, NBfit, UvU, Parqour, EasyTap, Kid Security сияқты стартаптар жеңіске жеткен еді.

Digital Bridge 2023 аясындағы Astana Hub Battle-ға қатысуға өтінімдер digitalbridge.kz сайтында 20 қыркүйекке дейін қабылданады. Алдын ала байқаудан кейін іріктеуден өткен бәсекеге қабілетті 100 жоба қазылар алқасының назарына ұсынылады.  Олар форумның бірінші күні жартылай финалда жобаларын бір минуттың ішінде таныстыру мүмкіндігіне ие болады. Бұл сынақтан өткен 10 стартап финалда үздік атағы үшін бақ сынасады.

Форумның хедлайнерлері – IT әлемінің әлемге әйгілі тұлғалары форум басталар шақта жарияланады. Сонымен қатар дәстүрлі түрде бірқатар көрмелер – корпорациялар, робототехника, IT-мектептер, VC, аймақтық IT хабтар көрмесі және ірі IT-компаниялардың вакансиялар жәрмеңкесі өтеді.

Еске салсақ, Digital Bridge халықаралық технологиялық форумы 2018 жылдан бері Астанада жыл сайын өткізіліп келеді. Digital Bridge ұйымдастырушылары – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және Astana Hub халықаралық технопаркі.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды