Үлкен ғылыми технологиялық революцияның алдында тұрмыз - Саясат Нұрбек

05.10.2023, 11:01
599
Үлкен ғылыми технологиялық революцияның алдында тұрмыз - Саясат Нұрбек Nobel Fest 2023

Әлем энергетикалық революцияның алдында тұр. Бұл туралы Астанада Nobel Fest 2023 фестивалінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек айтты.

Саясат Нұрбек шара барысында педагогтерді кәсіби мерекесімен құттықтады. 

Неге Nobel Fest Қазақстан және министрлік үшін маңызды? Қазір дүние жүзінде ғылымға, білімге деген көзқарас өзгерді. Үлкен ғылыми технологиялық революцияның алдында тұрмыз. Былтыр қарашада білім, технология, инновация саласында қызық жаңалықтар шықты. Кіп-кішкентай компания ChatGPT жасанды интеллект алгоритмін шығарды. Бірден үлкен бәсеке басталды. Осы жылда 10 жылдай жиналған жетістіктің арқасында революция басталды. Алпауыт компаниялар бір сәтте «біздің жасап жатқан үрдісімізді қалай төңкеріп тастады?» деген сұрақ қойды, - деді Саясат Нұрбек.

Екінші жаңалық – АҚШ-тың энергетика министрі Ливермор ұлттық зертхананың негізінде термоядролық реакцияның жүзеге асырғанын хабарлады. Қытайдың үкіметі бірден 2028 жылы термоядролық реакцияны іске қосамыз деп хабарлады.

Өте қызық, түбегейлі энергетикалық революцияның алдында тұрмыз, - деді министр.

Nobel Fest - халықаралық EDTECH платформасы. Фестивальдің басты мақсаты - қазақстандықтарды білім, ғылым және инновацияға ынталандыру. Nobel Fest жыл сайын 100 елден 500 000 қатысушы мен 500 университетті жинайды, бұл ұзақ мерзімді даму мен жақсы болашақты қалыптастырудағы жан-жақты білім берудің рөлі туралы идеяны таратады.

MNU Marathon: Астанада қайырымдылық жүгіру жарысы өтті Талдықорғанда қонақүй әкімшісін 12 жерінен пышақтап, өлтіріп кетті Дағыстанда белгілі әншіні жігіті табамен ұрып өлтірген Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға шақырған белсенді қамауға алынды «Енді бесікке салыңдар»: Дубайда тұсауын кестірген әйел күлкіге қалды (ВИДЕО) Алматы облысында 11 сынып оқушысын өлтіріп кетті Былтыр жазда жоғалып кеткен қария өлі күйінде табылды Алматының жаңа әкімі боп Дархан Сатыбалды тағайындалды «19 пойыз шығады»: Қытай Астанаға LRT пойыздарын тасымалдауды бастады Трамп Еуропаға қарсы салық енгізетін болды Димаш Virtuosos шоуының қазылар алқасы боп тағайындалды Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қызметінен босатты «4 ұлы мен 1 қызы бар»: Ләйлә Сұлтанқызы марқұм жолдасы туралы сырды ашты «Қандай қоғам мынау?»: белгілі әнші Ақнәрдің өліміне қатысты талап қойды «Несие төлеуге ақшам жоқ»: Сәтбаевта қызға шабуылдаған ер адам ұсталды Шерзаттың соты кезінде жер сілкінісі болды «Көкірегіне 1,5 литр қан жиналған»: Шерзаттың сотына тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров қатысты «Аман алып қалуға болар еді»: Сотта сарапшы марқұм Шерзаттың алған жарақаттары туралы айтты «Менің інім өліп қалғанына күліп отырсың ба?»: Күдікті Шерзаттың қазасына күлген Трамп өз туған күнінде әскери парад өткіземін деп елді күлкіге қарық қылды