902

Қаралы күн: Украинадағы дәмханаға жасалған шабуылдан 51 адам қаза тапты

Украинаның Харьков облысындағы дәмханаға жасалған шабуылда адамдар мерт болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты ВВС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Қаралы күн: Украинадағы дәмханаға жасалған шабуылдан 51 адам қаза тапты
ашық дереккөзден

Шабуыл кезінде қайтыс болғандар арасында балалар да бар.

БАҚ-тағы ақпаратқа сүйенсек, Ресей Украинаның Купян ауданы, Гроза ауылындағы дәмхана мен дүкенге шабуыл жасаған.

Украинаның Ішкі істер министрі Игорь Клименконың айтуынша, жұрт дәмханаға қайтыс болған ауылдасын еске алу кешіне жиналған. 

Қазір облыста үш күндік қаралы күн жарияланды. Зеленский шабуылды “Ресейдің қатыгездігі” және “қасақана жасалған лаңкестік акт” деп атады.

Материал авторы