Шымкенттің жолдарын күтіп ұстамаған жүзден астам заңды тұлға жазаланбақ

06.10.2023, 14:28
1093
Шымкенттің жолдарын күтіп ұстамаған жүзден астам заңды тұлға жазаланбақ polisia.kz

Шымкент жолдарын күтіп ұстауға жауапты 100-ден астам заңды тұлға жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды smartnews.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

 Мегаполисте жол жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әкімшілік полиция басқармасының жол-техникалық инспекция бөлімінің қызметкерлері 2347 шақырым жолды зерделеді.

Нәтижесінде бірқатар кемшіліктер анықталып, тиісті орындарға 1100 нұсқама берілді. Сондай-ақ жолдарды күтіп ұстауға жауапты 105 заңды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Оның ішінде 13 лауазымды азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 462, 630, 631, 632-баптарында көрсетілген талаптарды бұзғаны үшін хаттама толтырылды. 

Айта кетейік, қазіргі таңда шаһардағы магистралды жолдарда, яғни Дулати, Қазыбек би, Алматы тас жолы, Желтоқсан, Адырбеков, Тәуке хан даңғылы және 13 ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Осыған байланысты полиция қызметкерлері қала тұрғындары мен қонақтарына көлік қозғалысына қатысу кезінде жол жүру қағидаларын қатаң сақтауды ескертеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді