Каратэден Данияр Юлдашев финалға өтті
Спортшымыз енді финалда Малайзия спортшысы Бин Аб Маликпен жолығады. Бұл туралы smartnews.kz хабарлайды.
Каратэден 84 келі салмақта әлем чемпионатының қола жүлдегері, 2 дүркін Азия чемпионы Данияр Юлдашев 3 қарсыласын жеңіп, алтынға таласуға мүмкіндік алды.
Жарыс жолында жерлесіміз Тиирапат Канабкаевты 6:2, Чун Вей Вуды (Тайпей) 7:4, Мохаммад Алжафариді 4:0 есебімен ұтты.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші