Отандық үш фильм «Asia Pacific Screen Awards» кинофестиваліне қатыспақ

07.10.2023, 11:47
806
Отандық үш фильм «Asia Pacific Screen Awards» кинофестиваліне қатыспақ stephenbryett.com.au

Бұл туралы ұлттық киноны қолдау орталығы хабарлады.

Айсұлтан Сейітовтың «Қаш», Дархан Төлегеновтың «Ағайынды» және Асхат Кучинчирековтың «Бауырына салу» картиналары «Азиялық Оскар» деп аталатын беделді Asia Pacific Screen Awards сыйлығына үміткерлер қатарына кірді.

Айсұлтан Сейітовтың картинасы бірден екі номинацияда ұсынылған – «Үздік фильм» және «Үздік операторлық жұмыс». Басты номинацияда ол Жапониядан, Қытайдан және Грузиядан келген картиналармен таласқа түседі, олардың арасында биылғы Венеция кинофестивалінде Қазылар алқасының арнайы жүлдесінің иегері атанған Рюсуке Хамагутидің «Зұлымдық жоқ» атты туындысы да бар.

Ал Дархан Төлегенов пен Асхат Кучинчиреков «Үздік режиссер» және «Үздік жастар фильмі» номинацияларына ілікті. Әсіресе Төлегеновтың номинациясында ерекше тартыс болайын деп тұр, себебі онда жоғарыда айтылған Хамагути мен 2023 жылғы «Сандэнс» және Берлин кинофестивальдерінің қатысушысы Селин Сон бар.

Отандық үш картина да режиссерлердің дебюттік жұмыстары, ал олардың екеуі – «Ағайынды» және «Бауырына салу» Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының көмегімен түсірілген.

Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды