1614

Қысым көрдім деген Дастан Қастайдың хатына Саясат Нұрбек жауап қайтарды

"Басшылық мені еш себепсіз ҚазҰУ-дан шығарып жіберді. Оқытушыларға қысым жалғасып жатыр" деген Дастан Қастай орнында қалатын болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Қысым көрдім деген Дастан Қастайдың хатына Саясат Нұрбек жауап қайтарды
жеке Facebook парақшасынан

Қазақ Ұлттық университеті, журналистика факультетінің оқытушысы Қастай Дастан өзіне жасалған қысымның себебі “Кемел Тоқаев аудиториясы” ашылғаннан кейін басталғанын айтады. Университет аудитория ашылуына келген журналистерді ішке кіргізбеген.

Бұған министр Саясат Нұрбек жауап қайтарды.

"Достар,  Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас оқытушысы Дастан Қастайдың әлеуметтік желідегі ашық хатына байланысты оқу ордасының басшылығымен тікелей байланыстым және ұстаздарды жұмыстан шығару немесе қудалау фактілері болмауы керектігі бойынша кеңестерімді бердім.

Қазіргі уақытта Dastan Kastay  бауырымыздың жұмыстан шығарылғаны  туралы бұйрық жоқ екендігін және  журналистика факультетіндегі қызметін жалғастыра беретіндігін баршаңызға қуанышпен  жеткіземін", - делінген министр жауабында.

Материал авторы