958

Азиада-2023: Спортшыларымыз қатарынан екі қола алды

Спортшыларымыздың жетістігі толығып жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Азиада-2023: Спортшыларымыз қатарынан екі қола алды
olympic.kz

ЯСМИНА ТҰЯҚОВА МЕН АРИНА ПУШКИНА – АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ 

Артистік жүзуден дуэт бағдарламасында жарысқа қатысқан 17 жастағы Ясмин Тұяқова/Арина Пушкина қола жүлде алды.

Алтын медальді Қытай командасы иеленді  (526.8620 ұпай). 489.4288 ұпай жинаған жапониялық жұп күміс медаль алды. Ал, Қазақстан — 418.6987 ұпай жинап үштікті түйіндеді.

ДИДАР ӘМІРӘЛІ - АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ 

Каратеден ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз қола жүлде үшін таласта ирандық Амир Заде Махдиді 7:2 есебімен жеңді.

Материал авторы