1008

Азиада-2023: Спортшыларымыздың бүгінгі нәтижесі қандай?

Бүгін Қазақстан қоржынына 1 алтын, 2 күміс және 5 қола кеп түсті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Азиада-2023: Спортшыларымыздың бүгінгі нәтижесі қандай?
Туризм және спорт министрлігі

СОФЬЯ БЕРУЛЬЦЕВА – АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ЧЕМПИОНЫ

Әйелдер арасында +68 кг салмақтағы финалдық жекпе-жекте Софья мен Арика Гурунг (Непал) күш сынасты. Кездесу басынан белсенді қимылдаған Берульцева қарсыласына еш мүмкіндік берген жоқ. Қазақстандық спортшы 3-0 есебімен айқын жеңіске жетті.

 

ДАНИЯР ЮЛДАШЕВ – АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ 

Каратеден 84 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сайысқа түскен отандасымыз Данияр Юлдашев финалда малайзиялық қарсыласына есе жіберіп, Азиаданың күміс медалін иеленді.

АНАСТАСИЯ АНАНЬЕВА — АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ КҮМІС ЖҮЛДЕГЕРІ

Слаломды есуден әйелдер арасындағы финалдық сайыста 19 жастағы Анастасия Ананьева мәреге екінші жетті.

 

МАРИАН УРДАБАЕВА – АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ 

Джиу-джитсудан 65 кг салмақта өнер көрсеткен Ұлттық құраманың спортшысы Мариан Урдабаева қола жүлде алды. Ол қарсыласы Ажар Салықованы 7:0 есебімен ұтты.

ЯСМИНА ТҰЯҚОВА МЕН АРИНА ПУШКИНА – АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ 

Артистік жүзуден дуэт бағдарламасында жарысқа қатысқан 17 жастағы Ясмин Тұяқова/Арина Пушкина қола жүлде алды.

ДИДАР ӘМІРӘЛІ - АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ 

Каратеден ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған отандасымыз қола жүлде үшін таласта ирандық Амир Заде Махдиді 7:2 есебімен жеңді.

ШАХМАТТАН ӘЙЕЛДЕР ҚҰРАМАСЫ – АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасының қатарында: Жансая Әбдумәлік, Бибісара Асаубаева, Алуа Нұрманова, Меруерт Камалиденова және Динара Сәдуақасова өнер көрсетіп, командалық бәсекеде аруларымыз шешуші 9-турда Өзбекстанды 3:1 есебімен жеңіп, 3-орынға ие болды.

СУ ДОБЫНАН ЕРЛЕР ҚҰРАМАСЫ – АЗИЯ ОЙЫНДАРЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ

Су добынан ерлер бәсекесінде Қазақстан құрамасы 3-орын үшін өткен ойында Иранмен оңайға соқпады. Тартысқа толы бәсекенің негізгі уақыты 7:7 есебімен аяқталып, буллит сериясында 3:2-мен жерлестеріміздің мерейі үстем болды.

Материал авторы