"Баласын тастап кеткен әйелді ғана "шеше" деп атаған": Қабылбек Әліпбайұлының сөзіне бас мүфти пікір білдірді

08.10.2023, 09:57
19005
"Баласын тастап кеткен әйелді ғана "шеше" деп атаған": Қабылбек Әліпбайұлының сөзіне бас мүфти пікір білдірді stan.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы дін ұстазы Қабылбек Әліпбайұлының "баласын тастап кеткен әйелді "шеше" деп атайды" деп айтқан сөзі туралы пікір білдірді.

Айта кетсек, бұған дейін әлеуметтік желіде Қабылбек Әліпбайұлының "ана" мен "шеше" сөздеріне қатысты ойы қызу талқыға түскен. Имамның сөзінше, баласын тастап кеткен әйелді "шеше" деп атаған. Ал "ана" білген-көргенін балаға арнайды дейді.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қабылбек Әліпбайұлының бұл сөзі ҚМДБ пікірі емес екенін мәлімдеді.

"Бұл азаматтың айтқан сөзі жеке өзінің ойы болар. Бірақ біз шеше мен ананы қадір тұтқан, қасиет тұтқан жандармыз. Оны кеңінен насихаттап келе жатырмыз. Бір адамның пікірі ол мүфтияттың пікірі емес. Осыны айқын біліп алуымыз керек. ҚМДБ әкеге қатысты, анаға қатысты көптеген уағыз айтып жүр. Қазақтың кез келген құндылығы біз үшін қасиет саналады. Шеше де, ана да бір ұғым. Шеше де, ана да адамды дүниеге әкелген ең ардақтысы. Біз оны әрқашан құрметтейміз", – деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфтидің сөзінше, Қабылбек Әліпбайұлы республикалық ақпараттық насихат тобының мүшесі.

"Біз жақында ғана республикалық және жергілікті ақпараттық насихат тобының тұжырымдамалық құжатын әзірлеп, олардың қолдарына бердік. Уағыз барысында, халыққа дәріс өткізу барысында неге көңіл бөлнуі керек? Құжатта жазылған. Қабылбек ұстаз қазіргі таңда РАНТ мүшесі болып есептеледі. Бірақ қазір сапарда жүр. Ол азаматқа қатысты шешімдер қабылданады", – деді бас мүфти.

«Қалай сүйілсем, солай сүюге дайынмын»: Балжан Бидаш екінші рет тұрмыс құрмақ «Сынып кетуіме хақым жоқ»: Медеу Арынбаев марқұм әйелін еске түсіріп, көзіне жас алды Сара Назарбаеваның қазасы туралы ақпаратты депутаттың парақшасы да таратқан (ВИДЕО) Қарағандыда 12 жастағы қыз өгей әкесіне ренжіп, зорлады деп жала жапқан Жетісуда өзеннен трос арқылы өтпек болған ер адамның мәйіті табылды Айыпталушы Нұрбол Тоқтаубаев төбелеске Қаржаубайды кінәлады «50 миллион теңге берген»: Ілияс Сариев әнші Садраддиннің концертін өткізуге қайырымдылық ақшасын берген «Баланың сол жақ беті қозғалмайды»: Лифтіде пышақталған баланың анасы елден көмек сұрады (ВИДЕО) «Қырғыздар Кенесары ханға еш қиянат жасаған жоқ» – Садыр Жапаров Ақтөбеде суға кеткен азаматты туған-туыстарына ескертпей жерлеген 18 жастағы бойжеткенді қатарластары ұрып-соғып, паркке жалаңаш тастап кеткен Алматыда қарт әженің үйіне басып кіріп, оны тонап кеткен еркек ұсталды (ВИДЕО) Алматыда жол қиылысында «мода» көрсеткен қыздар көптің талқысына түсті (ВИДЕО) Арыстық оқушыға әлемнің 86 оқу орны шақырту жіберген Соңғы қоңырау күні өзгергендіктен, ҰБТ өтетін күндерге де өзгеріс енді «Шатастырып алған шығар»: Жанжал болған күннің бейнежазбасы жарияланды Таразда түрмеге жіберілген сәлемдемеден телефон табылды Ыстамбұлдағы келіссөзге Путин өзі ұсыныс тастап, өзі келмейтін болды Маусым айындағы демалыс күндері қанша? Бүгін өңірлерде өрт қаупі жоғары