104 жасында парашюттан секірген әже әлемдік рекорд жасады
Әлемдік рекорд жасаған Дороти Хоффнер жөнінде smartnews.kz сайты Skydive Chicago басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Чикагодан келген Дороти Хоффнер парашютпен секірген әлемдегі ең қарт адам болды. Ол 104 жаста.
"Ғаламат сезім болды. Бәрі тамаша, керемет, сөзбен жеткізу мүмкін емес. Адамның жасы - ол жай ғана сан", - дейді әже.
Дороти әже парашютте 4 мың метр биіктіктен секірді.
Ұшу уақыты жеті минутқа созылған. Секірген соң әжей келесі жолы әуе шарымен ұшқысы келетінін айтты.
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші