1327

Атыраудағы итальян компаниясының базасы маңындағы қоқыстан Мемлекеттік Ту табылды

Бұл туралы «Zello Atyrau» парақшасында видео тарады.

Атыраудағы итальян компаниясының базасы маңындағы қоқыстан Мемлекеттік Ту табылды
zello_atyrau_region

Шетелдік компания базасының аумағында қоқыс үйіндісі жиналған. Ағаш қалдықтарының арасында мемлекеттік Ту жатыр. Туды жұмысшылар қоқыстың арасынан жинап алған. Қоқыс алаңының жанында шетелдік компанияның атауы жазылған ғимарат тұр. Соған қарағанда бұл өндірістік база болуы мүмкін.

– Мынау – «Сичим» компаниясының базасы. Әне, жоғарыда «Сичим» деп жазылып тұр, 8-блоктың қасы. Міне, қоқыстың арасында Ту жатыр, – дейді жұмысшының бірі.

Осыған байланысты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлім етті. Алайда, тергеу қай компанияға қатысты жүріп жатқанын нақтылаған жоқ.

Материал авторы