Digital Bridge 2023: Робототехника көрмесінде роботтар шайқасы өтеді

09.10.2023, 13:08
862
Digital Bridge 2023: Робототехника көрмесінде роботтар шайқасы өтеді astanahub.com

12-13 қазанда Астанада Digital Bridge 2023 ірі IT-форумы алаңында FIRST әлемдік қозғалысының чемпион-роботтары шайқасы және Drone racing дрон жарысы өтеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты Astana Hub технопаркіне сілтеме жасап.

Мұнда мектеп оқушылары мен студенттердің ауыл шаруашылығы, аэроғарыш құрылысы және киберқауіпсіздік салаларындағы инженерлік-техникалық жобалары таныстырылады.

Роботтар жекпе-жегін басқару пульттері АҚШ пен Австралияда еліміздің атын  шығарған робототехника чемпиондары - мектеп оқушыларының қолында болады. Олардың Center Stage маусымының ойын ережелерін сақтай отырып жасаған роботтары түрлі-түсті мозаика жасайды, әуе ұшақтарын ұшырады және «тұғырға» көтеріледі.

Робототехника көрмесінде қонақтар қызық ойын – дрон баскетболына қатысып, ұшу аппараттарын басқарып, командамен бірге жеңіс үшін күресе алады. Қызығушылық танытқандар ASPANfest чемпиондарының жетекшілігімен Drone Racing-ті де меңгере алады.

Digital Bridge 2023 форумының робототехника аймағында қазір Сингапурде халықаралық FIRST Global Challenge 2023 жарысына қатысып жатқан Қазақстан робототехника құрамасы өнер көрсетеді. Айта кетейік, өткен жылы біздің жігіттер Швейцарияда 190-нан астам елдің командалары арасынан алтын жеңіп алған болатын. Команда өз әсерімен бөлісіп, көпшілікке суды оттегі мен сутегі атомдарына бөле алатын роботты көрсетеді.

Еске салайық, Digital Bridge халықаралық IT форумы 2018 жылдан бері Астанада жыл сайын өткізіліп келеді. Биылғы форумның негізгі тақырыбы қазіргі әлемдегі жасанды интеллектің рөлін талқылау - Artificial and Human Intelligence: The right balance.

Екі күндік форум бағдарламасы аясында Мемлекет басшысының қатысуымен пленарлық отырыс және онымен жеке кездесулер, халықаралық спикерлермен 30-дан астам панельдік сессия, келісімдерге қол қою, Google for Startups серіктестер саммиті, стартаптар туралы «Meet the Drapers» реалити-шоуының түсірілімі, Digital Bridge Awards, Astana Hub Battle, Startup Alley, бос жұмыс орындары жәрмеңкесі және корпорациялар, робототехника, VC, IT мектептер және аймақтық IT хабтар көрмелері өтеді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)