"Бағдаршамға тоқтап, қожайынын қорғайды": Желіде мүмкіндігі шектеулі иесінің арбасын сүйреген ит көптің көңілін елжіретті

09.10.2023, 15:49
1021
"Бағдаршамға тоқтап, қожайынын қорғайды": Желіде мүмкіндігі шектеулі иесінің арбасын сүйреген ит көптің көңілін елжіретті stan.kz

Желіде мүмкіндігі шектеулі арбадағы иесін көшеде сүйреген иттің әрекеті жұртшылықты елжіретті. Жануар тіпті иесін қорғаймын деп қарияға көмекке келген полицейлердің өзін жанына жуытпайды. Бұл туралы smartnews.kz сайты Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Желідегі кадрларда ит өз иесінің арбасын сүйреп, ал бағдаршамның қызыл түсі жанған кезде оны тоқтатады. Жануардың қожайынына деген адалдығы желі қолданушыларын қайран қалдырды.

"Бүкіл адамға үлгі болды мына ит", "Ит адамның адал досы деп бекер айтпаған", "Қанша адам ата-анасын қарттар үйіне тастап жатыр. Оларда мұндай мейірімділік жоқ", “Бұл атаға жақындасаң, иті қауып алады”, – деп жазылған пікірлерде.

Кейін 7 қазанда Тараз қаласының полицейлері көшелердің біріндегі жолдың ортасында төңкерілген мүгедектер арбасы және қарт адам мен итті байқаған. Құқық қорғаушылар Хатико мен оның иесі Анатолий Дербеновті бірден танып қолғабыс етуге келген. 

Анықталғандай зейнеткер жасанды кедергілерден өте алмай, арбасымен аударылып қалған. Ал оның иті осы уақыт ішінде иесін мұқият күзетіп, жанында отырған. Полиция қызметкерлері бірден қарт кісіге көмекке ұмтылғанда ит иесіне ешкімді жолатпаған. 

“Ит тістеп алуы мүмкін еді. Қаладағы барлық адамдар оның қабаған екенін біледі. Иесін әрдайым қорғайды. Біздің басты міндетіміз - қарияға көмек көрсету болды. Себебі ол басын жарақаттап алған”, – деді Тараз қалалық ПБ ППБ 1-взвод командирі Нұрбол Мырзакерім.

Құқық қорғаушылар кейін иттің қожайынына көмек келгенін түсініп, жанына жақындауға мүмкіндік бергенін айтты.

Қазіргі уақытта қария мен оның иті дәрігердің қарауынан кейін үйіне жіберілген.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды