"Ажырасуды мен қаладым": Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен айырылысып кетуінің себебін түсіндірді

10.10.2023, 14:24
18318
"Ажырасуды мен қаладым": Балжан Бидаш Жахан Отарғалиевпен айырылысып кетуінің себебін түсіндірді ашық дереккөзден

"Кеш YOU" тобының экс-әншісі Балжан Бидаш “Harper’s BAZAAR Kazakhstan” басылымына берген сұхбатында Жахан Отарғалиевпен не үшін ажырасып кеткенін ашық айтты.

Балжанның айтуынша, оның өнерден алыстауына бұрынғы күйеуі себеп болған. 

“Бұл пауза ұзаққа созылды. Дегенмен жүрегім сахнаны әрқашан қалап тұрды, ол киелі мекенге сүйікті жар болсам да, бір күні келетінімді сездім. Жақында тележүргізушілікке қадам бастым. Мен үшін тың бағыт. Бірақ бұл салада өзімді еркін сезінемін. Шектеуге шырмалып қалғаным бар. Кезіндегі батылдығымды жоғалтып алғандаймын. Сахнаны жатсынып қалған соң, әуелгіде қобалжығаным рас. Бірақ, соңында ашыла алдым. Тұрмыста жүргенде блогерлікке акцент қойдым. Бала кезден музыкаға ерекше қызыққаныма қарамастан, отбасылық өмірді алға қойып, шығармашылығымды ысырып тастадым. Өйткені күйеуімнің талабы сол болды”, –дейді өнер иесі.

Әнші шектеу мен қысымнан босап, еркіндікті таңдаған.

“Менің түсінгенім, адам адамға өмір сүруді үйретпеуі керек. Себебі, әркімнің өз қалауы, таңдауы бар. Махаббат бар жерде қолдау бар. Гармония орнайды. Отбасымда еркін өстім. Әке-шешем ешқашан қалауымнан тыс дүниеге мәжбүрлеген емес. Екі ағам да қаталдық танытатындай қылығым болған емес. Олар әрқашан маған сеніммен қарап, әр бастамама қолдау білдіретін. Бұл өмірде бақытты болу үшін тәтті тамақ пен жақсы киім кию аздық етеді. Ең бастысы – жүрек тыныштығы. Еркімнен тыс дүниелерді жасауға мәжбүр болғандықтан, жан қалауым қанағаттанбағандықтан,  арамызда түсініспеушілік орнады. Мұның бәрі соңында арамызды суытты”, – дейді Балжан Бидаш.

Сондай-ақ ол Жаханның әлеуметтік желіге “Бәрі бітті” деген жазбамен жариялаған видеоға қатысты пікір білдірді.

“Расын айтсам, бұл видео ешқандай эмоция тудырған жоқ. Дәл сол сәтте маған бәрібір болды. Жаһанның қызба мінезді екенін білемін. Кейіннен  сол ісіне өкініп қалғандай болды. Негізі Жаһан өте мейірімді адам, сенімді дос, алған бетінен қайтпайтын, мақсатына жетпей қоймайтын жан”, – деді өнер иесі.

Төреғали Төрәлінің әкесінің желіде жариялаған видеосы көпті алаңдатып қойды Раушан Құдайбергеннің кімге тұрмысқа шығатыны белгілі болды (ВИДЕО) «ЭКСПО ісін» қайта қарау: Ермұрат Бәпи Бас прокуратурадан әділдік талап етті Алматы облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген шетел азаматтары ұсталды «Жағдайы ауыр»: Оралда доп теуіп жүрген баланы ток ұрды Ұлттық ұланда 6 тіл білетін сарбаз қызмет етеді Ұлттық ұланда 30-дан астам ұлт өкілдері қызмет етіп жүр Ақтөбелік студент жасанды интеллект арқылы Әлия Молдағұлова туралы комикс жасады Рахат Әлиевтің анасы өмірден өтті Ардақ Назаров той үшін несие алуға тыйым салып, ажырасатындарға жарна енгізуді ұсынды Қазгидромет мамыр айының алғашқы күндері ауа райы қандай болатынын жеткізді «Қан кетіп, жүрегі соқпай қалды»: Майра Мұхамедқызы 43 жасында тұңғыш қызын қалай өмірге әкелгенін айтты Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы марқұм Нұрғанатты марапаттау керегін айтты «Өзі қолыма құлап өлді»: ер адам 86 жастағы анасын өлтіріп, оны оқыс жағдай ретінде көрсетпек болған «Ақша төлеуің керек»: Баян Мақсатқызының жаңа жобасын әйелдер қауымы сынға алды (ВИДЕО) Қарағандыдағы сатушы қыздың өлімі: қаскөй өз өміріне қауіп төніп тұрғанын айтты «Ақтөбе» футбол клубында 250 млн теңге ақша жымқырылған Атыраулық жүкті әйелді тонап, өлтіріп кеткен күдіктінің фотосы жарияланды Ақбота Керімбекова ұлының тойына келмеген бұрынғы күйеуіне ренішін жеткізді «Мина жарылып кеткен»: Көшеде жатқан затты тепкен 11 жасар бала комаға түсті