Қазақстан командасы робототехникадан әлем чемпионы атанды

11.10.2023, 09:47
1221
Қазақстан командасы робототехникадан әлем чемпионы атанды gov.kz

Қазақстандық оқушылар Сингапурда өткен FIRST Global Challenge робототехникадан ең ірі чемпионатта рекордтық нәтижелерге қол жеткізді. Осы жеңісі арқылы ұлттық құрама өткен жылы Женевада алған чемпиондық атағын тағы бір мәрте растады.

Қазақстан құрама командасында Алматы қаласындағы ФМБ НЗМ студенттері Нұрислам Тұрғынбай, Нұрсұлтан Жанзақов, Сергей Гапонов, Дәмелі Шаймерденова және Иманәлі Көксал болды. Ұлттық құраманың бапкерлері - Бекзат Іңкәров пен Нұрдәулет Досмағамбет.

«Біз Сингапурға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 200 оқушының ішінен ұлттық кезеңде іріктелген мықты команданы алып келдік. Біздің команданың алдында өткен жылғы Женевадағы тарихи жеңісті қайталау міндеті тұрды және олар  мұны ойдағыдай орындады, ұпай саны бойынша әлемдік рекорд орнатты. Бұдан басқа, командамыз халықаралық ынтымақтастық үшін төрешілердің марапаттарына ие болды, бұл біз үшін үлкен мақтаныш. Қазақстандағы робототехника жыл сайын халықаралық брендке айналып келеді», - деп бөлісті USTEM Foundation қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мырзахметов.

FIRST Global Challenge – жыл сайын әртүрлі елдерде өтетін олимпиадалық үлгідегі жаһандық робототехника чемпионаты. Осы жылғы чемпионатқа әлемнің түкпір-түкпірінен 190-нан астам ел қатысты.

Еске салайық, Ұлттық құрама робототехника олимпиадасының іріктеу кезеңдері шеңберінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен жасақталды.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды