Қазақ тілінде сөйлейтін жасанды интеллект кіріктірілген чат-бот пайда болды

11.10.2023, 11:13
1417
Қазақ тілінде сөйлейтін жасанды интеллект кіріктірілген чат-бот пайда болды stan.kz

Жасанды интеллект (AI) қазіргі бизнес әлемді қалыптастыратын негізгі технологиялардың біріне айналды. AI-ді енгізу күнделікті ғана емес, үлкен компаниялардың жұмыс процесіндегі тиімділік пен бәсекеге қабілеттілігін арттыра алатынын дәлелдеп келеді. Дегенмен мұндай жаңа технологияны жұмыс процесіне енгізу кезінде аймақтың мәдени және тілдік ерекшеліктерін ескеру қажет.

Қазір барлығына қолжетімді ChatGPT жүйесі қандай да болмасын мамандық иесіне қажетті ақпаратты беріп, сұранысын қанағаттандырып, қолғабыс етіп отыр. Ал енді осы жасанды интеллектінің жұмысыңыздағы міндеттеріңізге икемделіп жасалғанын елестетіп көріңізші?! Енді қазақстандықтар бизнес процестердегі тапсырмалар мен жұмыстарын, соның ішінде техникалық нақты шараларды жеңілдетіп, оңтайландыра алады. 

Халықаралық IT-консалтингтік компания Awara IT Қазақстанда ұжымдық сектор үшін революцияға айналатын чат-боттың қазақ тіліндегі бета-нұсқасы іске қосылғанын жариялады. Prompt Wagon деп аталатын бұл қосымша қолданушының қазақша жазған сауалдарына жауап беріп, керек ақпаратын жылдам ұсына алады.

Стэнфорд университеті жариялаған AI Index 2023 есебіне сәйкес, 2017 жылдан бері компаниялар бизнес-процестерінде жасанды интеллектіні екі есе жиі қолдана бастаған. Бұл қазіргі бизнес әлеміндегі оның маңыздылығын көрсетеді. AI қолданатын ұйымдар шығындар азайып, кірістің жоғарылауын хабарлауда, демек, бұл жасанды интеллекттің стратегиялық маңыздылығын көрсетеді.

Чат-ботты құрастырушылардың сөзінше, Prompt Wagon-ды құру AI-ны Қазақстанның ұжымдық секторы үшін неғұрлым қолжетімді және пайдалы ету ниетінен туындады. Бұл қосымшаның маңызды ерекшелігі – оның қазақ тілін түсінуі және мемлекеттік тілде коммуникация құра алу мүмкіндігі. Бұл оны бизнес мамандар арасындағы қарым-қатынас пен ақпарат алмасудың қуатты құралына айналдырады.

Айта кету керек, қосымшада 100-ден астам кіріктірілген өнеркәсіптік өнім бар, бұл оны бизнестің әртүрлі саласына тиімді етеді. 

Жобаның іске асырылуына 2 апта уақыт кеткен. Қазір қазақ тілінде сөйлейтін "ақылды" чат-боты бар қосымша компаниялар үшін қолжетімді. 

Чат-ботты құрастырушылардың сөзінше, оны пайдалану бағасы айына 20 доллардан (9 500 теңге) аспайды, тіпті бастапқы уақытта тегін болуы да мүмкін.

“Бұл өнімді жүзеге асыруға небәрі 2 апта кетті. Ол Microsoft Global AI Hackathon аясында жасалып шықты. Мұндай аз уақытта әзірленуі заманауи low-code платформаның зор мүмкіндіктерін көрсетеді. Бұл шешім арнайы қабілеті жоқ мамандарға да, чаттағы әкімшілерге де қолдануға қолайлы. Бизнес-сектор өкілдерінің Prompt Wagon қосымшасын қолдануының артықшылықтары бар. Мәселен, пайдаланушыларды оқыту және бейімдеуде және ақпараттық қауіпсіздік мәселелерінде қиындыққа тап болған корпорацияларда GPT-4 технологияларын бейімдеуге кететін уақытты үнемдеуге болады”, – дейді Awara IT компаниясының басқарушы серіктесі Александр Ермаков. 

Ал Awara IT бас директоры Михаил Намның сөзінше, қосымшаны жасап шығару кезінде қазақ тілі мамандары жұмысқа жұмылдырылған. Соның өзінде құрастыру және аймақтандыру кезінде қиындықтар болған екен. 

“Шындығында біз күнделікті қолданатын қазақ тілі ауызекі тіл деңгейінде және кейде  шала қазақ тілінің элементтері көрініс табады. Сондықтан чат-ботта кіріктірілген қазақ тілін тексеруге арнайы филолог мамандар қатысты. Алдағы уақытта қолданушыға берген жауаптардың сапасы жақсара береді және оған қолданушылардың өздері де кері байланыс беру арқылы атсалыса алады ”, – дейді ол. 

Ұйымдастырушылардың сөзінше, қазіргі ақпараттық кеңістікте сапалы қазақ тіліндегі контенттің жетіспеушілігі бар және бұл жасанды интеллектінің толыққанды жұмыс істеуіне сәйкесінше әсер етеді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді