"Азамат есеппен үйленді": Актриса Назгүл Қарабалина ел білмейтін құпиясымен бөлісті

11.10.2023, 14:33
11278
"Азамат есеппен үйленді": Актриса Назгүл Қарабалина ел білмейтін құпиясымен бөлісті azamatc

Жұлдызды жұп Азамат Сатыбалды мен Назгүл Қарабалина “Дастархан” бағдарламасында қалай танысып, табысқандары туралы айтты. Актирса Назгүл Қарабалина жеке өміріне қатысты сырымен бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мен Азаматпен академиядан бері таныспын. Бір курста, бір топта оқыдық, бір ұстаздан білім алдық. Ең алғаш Азаматты емтихан залында көрдім. Мен оқуға қабылданбай, жүрдім. Төртінші мәрте келіп фортепиано ойнап беремін, бірақ оқуға қабылдамайды. Сөйтіп анамның жанында күңіреніп отырсам, залға бес жігіт кіріп келді. Көзім бірден Азаматқа түсті. Бірақ “мына жігіт сүйкімді екенә деп ойлайтындай жағдайда болмадым.Ол кезде Азамат қазіргідей сүйкімді емес еді. Толықтау, көзі сығырайған. Десе де, оған бір қарап тоқталдым. Олар келіп сахнаға шығып, бірден оқуға қабылданды. Менің одан сайын ашуым келді. Кейін бірге оқыдық, Азамат топтың старостасы болды. Мен батыстың қызы болғандықтан мінезім тік. Бір-бірімізді жақтырмай жүрген сәттер де болды. Кейін жақсы көріп кеттік. 

“Шыны керек академияда оқып жүрген кезде Азамат мені ұната қойған жоқ еді. Азаматқа алғаш ғашық болған мен болатынмын. Жасыратыны жоқ, “Азаматтың маған көңілі ауса екен, мені көрсе екен, байқаса екен” деген сәттер болды. Оған қойын дәптер арнаған болатынмын. Оның ішінде де бұл өлеңдер бар. Ол кезде Азамат басқа бір қызды ұнатып жүретін. Сол қойын дәптерде мынадай жазба болатын. “О, Алла Тағала, егер Азамат маған назар аударса, екеуіміз үйленсек… Оның көпбалалалы отбасыдан екенін білемін, олар 9 ағайынды, оны сен де білесің. Әке-шешесі зейнеткерлер. Соған қарамастан мен оның ата-анасына қарайласып, аға-әпкелерімен жақсы қарым-қатынаста болатын едім. Маған тек екеуіміздің қосылуымызды нәсіп етші” деп жазатынмын. Соны бір күні Азамат оқып қойыпты. Енді ондай адам керек қой. Өзі “әке-шешеме қараймын” деп тұрса. Содан кейін ойланған болу керек. Азамат бастапқыда есеппен үйленді, менде шынайы сезім болды. Қазір мені жақсы көретін сияқты”, – дейді Назгүл Қарабалина.

Алайда актриса үшін жұбайының махаббатынан көрі, қайын атасының өзін қабылдағаны маңыздырақ болған. 

“Азаматтың махаббатынан, қайын атамның мені жақсы көргені мен үшін қымбат болды. Қайын атам былтыр 90 жасында дүние салды. Бұл өмірде тапқан байлығым, бағым – менің атам. Ол кісі абыз адам болатын. Пешенемі сондай адамға келін болу жазғанына шүкіршілік айтамын. Азаматтың сүйіспеншілігінен қарағанда ата-енемнің маған деген сүйіспеншілігі мен үшін маңызды. 

Қалтада дүрбі сақтаудың қажеті жоқ — бәрі Honor смартфонында Танымал блогер Назгүл мен Құндызға тиесілі 2 қабатты зәулім үйді сатып жіберген боп шықты Жаттықтырушы Алина Серікованың ісі: марқұмның атына зорлықшылар күштеп алғызған несие әлі жабылмаған Семейлік 32 жастағы мұғалім оқушы қызды көліктің ішінде зорлаған Ерке Есмахан күйеуінің туған күнінде жаңа үйге көшкенін айтты (ФОТО) «Пәтер, анасы екеуінің еміне қаражат, инвестиция»: әйгілі бетперделі жігіт 4 дүркін әлем чемпионына көмектесті (ВИДЕО) Жантүршігерлік жол апатынан павлодарлық балалар ауруханаға түсіп, бапкер қаза болды Жемқорлық туралы хабарлаған алматылықтарға 1,2 млн теңге сыйақы берілді Астанада ер адам көпірден секіріп кетті «Қар, көктайғақ»: 19 сәуірге арналған ауа райы болжамы жарияланды Ел Президенті ұландықты марапаттады Шерзат Болаттың досы неге оқиға орнынан қашып кеткенін түсіндірді Шерзаттың өліміне куәгер Эльмира Нұрбекова күдікті жігіттермен 2 күн бұрын танысқанын айтты «Төбелес біткен тұста пышақ ұстаған бір топ жігіт келді»: Шерзаттың досы сотта куәлік берді Ақтөбелік келіншектің ұлы анасының 600 мың теңгелік сақинасын балабақшадағы қызға сыйлап жіберген Алматы қаласында «Инклюзивті қала: шешімдер мен мүмкіндіктер» атты панельдік сессия өтті «Қыздар көре алмай жатыр»: Диана Скатова жеке өмірінен сыр шертті «20 жылға соттамақ»: Ресейде адыраспанмен ұсталған қазақстандық ер адам 8 ай қамауда отыр Шерзаттың анасы куәгер қыздардан жедел жәрдем шақыруын сұрағанда олардың тас лақтырғанын айтты Ауғанстанға Қазақстан 36 вагон көмек апарып берді