Алматы облысындағы қарттар үйінде зейнеткер тірідей өртеніп кетті

12.10.2023, 10:07
959
Алматы облысындағы қарттар үйінде зейнеткер тірідей өртеніп кетті canva.com

Қонаев қаласында қарттар үйінің тұрғыны тірідей өртеніп кеткен. Бұл туралы 31-арнаның Информбюро бағдарламасы хабарлайды.

Қария жатқан бөлмеде оттың нақты неден шыққаны белгісіз. Ақсақал отқа оранған сәтте қасында не медбике, не күтуші болмаған. Тіпті мекемедегі өрт қауіпсіздігі құрылғылары да іске қосылмапты. Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының мамандары қарт кісі бөлмесінде темекі тартқан болуы мүмкін дейді. Пікірлерінше, бұл өрттің тұтануына себеп болды. Оның денесінің 75%-ын күйік шалып, көз жұмды.

Қонаев қаласындағы арнаулы әлеуметтік орталық қызметкерлері сол күні екі кезекті күтуші қарттардың жөргектерін ауыстырып, медбикелер денсаулық жағдайларын тексеріп жүргенін айтады. Өрттің белгілері де болмапты. Ал кезекші бөлменің есігін ашқанда, ақсақалдың өртеніп жатқанын көрген.

“Күтуші қыз бетіне су шашқан. Артынан екі медбике келген. Енді ол кісілер алғашқы көмек көрсетіпті. Бірден жедел жәрдем қызметін шақырған. Олар 6-7 минуттың ішінде келді”, – деді шаруабике Роза Жамансарина. 

Шаруабикелердің айтуынша, марқұм қария темекі тартқан. Ал шылымның шоғы үстіндегі киімге құлап, өртенген екен. Киімде шоқ іздері жатыр. Медбикелер кіріп, қарияның үстіне су төгіп жалынды өшірген. Бірақ өрт сөндіретін құрылғылар істемей қалған. 

“Мұндай болуы мүмкін, білмейміз ғой. Жазым оқиға. Ешкім мұндай боларын білген жоқ. Білсе, әрине, қасында отыратын едік. Біз жалғыз бұл кісіге де қарап отыра алмаймыз”, – деді аға мейірбике Жанар Байсабаева. 

Дәрігерлер қария ауруханаға ауыр хәлде жеткізілгенін айтады. Ол бірден жансақтау бөліміне жатқызылған. Алайда жарақаты тым ауыр болғандықтан, көз жұмыпты.

“Басы, мойыны күйген, тіпті көзін күйік шалған. Кеудесі, іші, білегіне дейін екі қолы мен тобығындағы жараның тереңдігі 2-3 АБ”, – деді травматолог Шерзод Нуруллаев.

Қазір қарияның неден мерт болғанын анықтау үшін сот-сараптама жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайлар департаменті мекемеде қауіпсіздік талаптары бұзылғанын растады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды