"SpaceX дамыған технологиясын қолданбау күнә": Мусин ауылдағы интернет мәселесін шешу үшін SpaceX-ке жүгінуге мәжбүр болғанын айтты

12.10.2023, 16:28
595
"SpaceX дамыған технологиясын қолданбау күнә": Мусин ауылдағы интернет мәселесін шешу үшін SpaceX-ке жүгінуге мәжбүр болғанын айтты stan.kz

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету үшін Илон Масктың SpaceX ғарыш компаниясына жүгінуге мәжбүр болғанын айтты.

"Digital Bridge" форумында сөз сөйлеген министр қазақстандық байланыс операторларының ауылдарға жетуін күтіп отырғанын жеткізді. Алайда бұл процесс ұзаққа созылып, SpaceX компаниясына жүгінуге тура келген.

"Қысқасы, біз осы уақыт бойы байланыс операторларының ауылдарға жетуін күттік. Біз оларды мәжбүрлегенімізбен, жеңе алмадық. Ақырында SpaceX-ке жүгінуге тура келді. Бүгін Лорен Драйер екеуміз президентке интернетке қатысты нақты мәселелердің бар екенін жеткіздік. Сондай-ақ спутниктік антенналар арқылы секундына 4 мегабит интернет алатын шалғай аудандардағы 2000 мектепті Starlink-пен алты ай ішінде қамтамасыз ететінімізді хабарладық. Бұл туралы президентке хабарланған және Лоран Драйер SpaceX вице-президенті ретінде көмектесетінін растады. Біз мектептердегі интернет мәселесін біржола шешеміз", - деді Мусин.

Бұл ретте министр шетелдік компанияның көмегіне жүгінуге мәжбүр болғаны үшін кешірім сұрады.

"Бұлай болғаны үшін кешірім сұраймын. Кейде ел ішінде өз проблемаларымызды өзіміз шеше алатынымызға сенгім келеді. Бірақ SpaceX сияқты дамыған технологиялар бар кезде, оларды қолданбау күнә", - деді министр.

Мусиннің айтуынша, қазірдің өзінде 2000 мектеп бойынша келісім-шарттар бар, олар қазан айының соңына дейін жасалады.

"Алты ай ішінде Қазақстанның барлық мектептері мен оқушылары цифрлық жеңілдіктерді қауіпсіз пайдалана алуы үшін Starlink-ті барлық жерде орналастырамыз", - деп түйіндеді министр.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды