"Ажыратқым келді": Танымал актер Президенттен араша түсуді сұрап жатыр

13.10.2023, 12:02
1535
"Ажыратқым келді": Танымал актер Президенттен араша түсуді сұрап жатыр askarzhumabeqov

Төбелеске араша түспек болған актер Жұмабек Асқар 6 жыл 6 айға мерзімге айыпталды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Белгілі Қазақстандық актер Рауза атты телесериал арқылы танымал Жұмабек Асқар, 2022 жылдың 28 желтоқсанында Аль-Фараби 140а/4 даңғылында орналасқан, “LITTLE BRAZIL” атты караоке көңіл көтеру орталығына қонақ болып барған.

"Қазақстанның аты шулы зиялы, ауқатты, дәулетті Бахарадин Аблазимов және Динмухамет Идрисов атты адамдардың ұлдарының, Бостандық ауданының полиция қызметкері Валиев Біржан Нұрланбекұлының қатысуымен орын алған келіспеушілік, артынша төбелеске айналған. Бұл төбелеске араша түспек болған Жұмабек Асқарды жазықсыз айыптап 6 жыл 6 айға 11.10.2023 күні сот залынан алып кетті!", - делінген актердің Instagram парақшасындағы үндеуінде.

Оқиға орнында болған жайт жөнінде толығырақ тарқатсақ, караокеде әр орын 2 әннен айтуы керек болған. Кейін түсініспеушіліктің кесірінен, ауқатты кісілердің ұлдары диджейге қол жүгірткен. Сол кезде аяқ-асты төбелес басталып, актер ажыратпақ болып, өзі соққының астында қалған.

"Құрметті президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза, осы істі өзіңіз қолға алып, бүге-шүгесіне дейін қарастырып әділ шешімін берсеңіз екен. Осы іске назарыңызды аударсаңыз екен деген мақсатта сізден көмек сұраймыз! 
Асқарды біз тәртіпті, адал, жанашыр дос, заңға қайшылығы жоқ ер азамат деп білеміз. Сондықтан бізге сіздің көмегіңіз қатты қажет!", - дейді актердің жақындары.

 

Жаңалықтарды бірінші боп оқу үшін Telegram арнаға жазылыңыз!

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды