TikTok-та ашық деректерді сататын стримерлер жауапқа тартылуы мүмкін
Ұлттық статистика бюросының дерегінше, TikTok желісінде stat.gov.kz ресми сайтындағы қолжетімді деректерді тікелей эфирде саудалап жүргендер көп.
Ресми сайттағы «Мен сияқты қанша адам бар» сервис дерегін ақша үшін хабарлайтындар көп. Осы арқылы ақы төлеген адамның қанша аттасы бар екенін хабарлайды.
Бюро дерек сатушылардың қызметтерін пайдаланбауға шақырды. Сондай-ақ мұндай қызметпен айналысатындар өз әрекеттері үшін жауапқа тартылуы мүмкін.
Жаңалықтарды бірінші боп оқу үшін Telegram арнаға жазылыңыз!
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші