2025-тің соңына дейін ірі қалаларда 5G қолжетімді болмақ

5G жылдамдығы екі жыл ішінде қамтылмақ. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

2025-тің соңына дейін ірі қалаларда 5G қолжетімді болмақ
kazinform.kz

Бүгін Digital Bridge форумы аясында өткен брифингте цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 2025 жылдың соңына дейін Қазақстанның ірі қалаларының жартысынан көбі 5G-ге қосылатын болады, деп мәлімдеді.

«Жоспар бойынша біз биыл 700 базалық станцияны орнатуымыз қажет. Операторлар қазірдің өзінде бұл көрсеткішті еңсерді. Жыл соңына дейін 1 мыңнан астам базалық станция орнатылады», - деді Бағдат Мусин.

 

Жаңалықтарды бірінші боп оқу үшін Telegram арнаға жазылыңыз!

Материал авторы