«Қазпошта» мен AliExpress ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды
Бұл жөнінде акционерлік қоғамның баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазпошта» АҚ AliExpress CIS компаниясымен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Жақын арада клиенттердің маркетплейс тауарларына тікелей қол жеткізуі мен тапсырыстарды жеткізу уақытын қысқарту үшін ҚХР-дан (Шанхай қ.) Қазақстанға логистикалық арнаны іске қосу жоспарланып отыр.
Аталған жоба 2024 жылдың 1 тоқсанында іске қосылмақ.
Жаңалықтарды бірінші боп оқу үшін Telegram арнаға жазылыңыз!
Материал авторы
Дана Асылбекқызы
Тілші