Теміржолшы жігіт теміржол рельстерінің құрылғыларын ұрлаумен айналысқан

14.10.2023, 18:56
896
Теміржолшы жігіт теміржол рельстерінің құрылғыларын ұрлаумен айналысқан novate

Рельс құрылғысын ұрлаған теміржолшының ісі жөнінде Ақтөбе ПД хабарлады.

2023 жылдың мамыр-қазан айлары аралығында белгісіз тұлға Мұғалжар ауданының Ембі қаласынан 16 километр қашықтықта орналасқан теміржолдан рельс бекіткіш құралдарды ұрлаған. Барлығы 132 дана көлеміндегі құрылғынының ұрлануы салдарынан 39 жастағы жеке кәсіпкерге келтірілген залал сомасы 700 мың теңгеден асты. 

Бұл дерек бойынша 12 қазанда жәбірленуші Ембі қалалық полиция бөліміне арызданды. Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен 49 жастағы жергілікті тұрғынды анықтады. Ұрланған заттарды ол металл қабылдау пунктіне тапсырғаны белгілі болды. 

Осы дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігімен (ұрлық) қылмыстық іс қозғалды. Тергеп-тексеру барысында күдіктінің аудандағы басқа теміржол мекемесінде жұмыс жасайтыны, сондықтан оған теміржол рельстерінен ұрлықтан қорғауға арналған механикалық құрылғыларды арнайы кілттермен шешіп алу қиындық тудырмағаны анықталды. 

Заттай айғақтар алынды. Тергеу жүргізілуде.

Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді