1072

Димаш Антальядағы Бурак Йетердің үлкен концертінде өнер көрсетті

13 қазанда Түркияның Анталья қаласындағы Ақдениз университетінің стадионында әлемге әйгілі диджей Бурак Йетер өзінің «Ғарыш» жобасын жүзеге асырды. Арнайы шақырылған қонақ қазақстандық музыкант Димаш Құдайберген болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты dimashnews.com басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Димаш Антальядағы Бурак Йетердің үлкен концертінде өнер көрсетті
Onur Taner

Стадионның ортасында арнайы тұрғызылған дөңгелек сахнада қонақтарды 15 метрлік астронавт мүсіні және Анталияның қараңғы аспанының астында ерекше безендірілген жарық от шашулар қарсы алды. Бурактың көптен бергі арманы концертте 8 метрлік мүсінді қолдана отырып, Гинесстің алдыңғы рекордын жаңарту болды, ал арнайы шақырылған делегация концертке жаңа рекордты тіркеу үшін келді.

«Димаш Құдайберген Қазақстаннан келеді. Оның үлкен жанкүйерлер базасы бар. Германиядан, Қазақстаннан, тіпті Мексикадан келген жанкүйерлер бар. Димашпен концерт халықаралық өлшемге ие болады», — деп атап өтті Бурак концерт алдында Antalya Gündem Gazetesi басылымына берген сұхбатында.

Бурак шығармашылығындағы көптеген композициялар ғарыш тақырыбын, онымен байланысты жаңа технологияларды, адамның ғаламның құпияларын ашуға деген ұмтылысын ашады. Осы кеште ғарышкер бейнесіндегі Бурак стадионды Жұлдыздарға ұшу басталғандай алғашқы дыбыстардан-ақ залды “тербеді”.

Димаш Құдайберген концертке халықаралық сипат берді және концертке әлемнің түрлі елдерінен оның жанкүйерлері келді.

Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!

Материал авторы