Жамбылдық дәрігерлер соскасын жұтып қойған 9 айлық баланы аман алып қалды

15.10.2023, 17:21
1009
Жамбылдық дәрігерлер соскасын жұтып қойған 9 айлық баланы аман алып қалды densaulyk.zhambyl

Жамбылдық дәрігерлер 9 айлық нәрестені аман алып қалды. Бұл туралы smartnews.kz сайты Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына 9 айлық нәресте ауыр халде жеткізілген. Анасының айтуы бойынша, бала үйінде ойнап жүріп, кенеттен есінен танып құлап, басынан жарақат алған. Біршама уақыттан кейін нәрестеде лоқсу, көпреттік құсу пайда болып, ауруханаға жеткізілген.

Дәрігерлер шағымдарды ескере отырып, 9 айлық баланы бас-ми жарақаты диагнозымен нейрохирургия бөлімшесіне жатқызады. Бірақ қаншама ем-дом жүргізілсе де, нәрестеден өзгерістер байқала қоймаған соң, оны жедел түрде хирургтар да қарап, арнайы инструментальды зерттеу жүргізеді.

Нәтижесінде нәрестеге «Жедел ішек өтімсіздігі» диагнозы қойылады. Себебі, дәрігерлер баланың ойнап жүріп, аузына емізігін (соска) салып, жұтып қойғанын анықтаған. Сөйтіп, шұғыл түрде нәрестенің құрсақ қуысына ота жасалады.

- Хирургиялық араласуды ота бөлімшесінің меңгерушісі Қанат Дүйсебаев, Дәурен Бағыбаев және анестезиолог Еркін Тұраров жасаған. Операциядан кейінгі алғашқы тәулікте жансақтау бөлімінде болып, қазіргі уақытта ота бөлімшесінде ем қабылдауда. Білікті дәрігерлердің дер кезінде көрсеткен көмегінің арқасында бүгінде нәрестенің жағдайы жақсы. Нәрестенің ата-анасы ақ халатты абзал жандарға ерекше ризашылығын білдіруде.

Дәрігерлер осындай жағдай орын алған жағдайда, уақыт жоғалтпай, бірден емдеу мекемесіне алып бару керек екенін ескертеді. Сондай-ақ, балаларға жұтып қою мүмкіндігі бар заттарды бермеуге, ұсақ-түйек заттармен оларды ойнатпауға және назарда ұстауға кеңес береді, - деп хабарлайды басқарма.

Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды