Ауа райының қолайсыздығы соғысты уақытша тоқтатты

16.10.2023, 13:31
743
Ауа райының қолайсыздығы соғысты уақытша тоқтатты middleeasteye.net

Кешегі жексенбі күні, яғни 15 қазанда Израиль жаяу әскерімен, әуе күштерімен және теңіз үстімен Газа секторына басып кіруі тиіс болатын.

Алайда ауа райының қолайсыздығынан басып кіруді үш-төрт күнге кейінге қалдырды. Себебі ауа райының бұлтты болуы ұшақсыз аппараттардың операторларына кедергі болады. Ұшақсыз аппараттардың міндеті жаяу әскерді әуеден қорғау. ХАМАС құрылымдарының мыңнан астам әскері басып кірген кезде  және ракеталармен атқылағанда Израильдің 1 мың 300-дей адамы қаза болған, 3,5 мыңдай адамы жарақат алған.

Израиль әскеріне Газа секторының саяси және әскери басшылығын, сонымен қатар ХАМАС құрылымдарын жою туралы бұйрық берілген. Израиль басшылығы Газа секторының тұрғындарына аймақтың оңтүстігіне қарай көшіңдер деп хабарлап жатыр. Өйткені әскердің басып кіруі кезінде бейбіт тұрғындардың өміріне үлкен қауіп төнеді. Аймақта 2,2 миллион адам тұрса, соның кемінде тең жартысы оңтүстікке қарай ығысуы керек. Алайда көшіп жатқандар көп емес. Адамдар өз үйлерінен ұзап кетер емес. Израиль әскерінің Газа қаласындағы ХАМАС нысандарын алыстан атқылауы кезінде тұрғын үйлер де қирап жатыр. 15-қазан күні келтірілген мәліметте Газа секторында 2215 адам қаза болғаны, оның 724-і жас бала екені айтылды. Жараланғандар 8 714, қираған тұрғын үйлер мен өзге де нысандар 5 540. Соның ішінде 3 743 тұрғын үй жермен жексен болған, қалпына келтіруге жарамайды. Мәйіттер үйіндінің асынан шығарылуда. Қаза болғандардың көпшілігі әйелдер мен балалар. Адамдарда жарық пен су жоқ, кәріз жүйесі істен шыққан. Соған қарамай адамдар үйлерінен кеткісі келмейді. Барар жерлері, басар таулары жоқ.

ХАМАС-тың шабуылы кезінде Израильде жүрген өзге елдердің азаматтары да опат болды. АҚШ Мемлекеттік департаменті кеше хабарлаған деректе Израильде 29 америкалықтың қаза болғаны нақтыланғаны, тағы 15 америкалықтан ешқандай дерек жоқ екені айтылды.  

Ресей де өз адамдары жайлы дерек жинап жатыр. Ол жақта кемі 16 ресейлік қаза болыпты. Тағы 8 адамынан хабар-ошар жоқ. Украинаның 12 адамы қаза болып, 9 адамы үшті-күйлі жоғалған. ХАМАС әскері Израильде тұтқындап әкеткендердің арасында Өзбекстан азаматтары бар деген хабар тараған еді. Бұл деректің анығы тексеріліп жатыр.

14 қазанда «Настоящее время» арнасы Израиль билігінің ақпаратына сүйене отырып, Израильге жасалған шабуылдан қаза тапқандар мен із-түзсіз жоғалғандар арасында 42 елдің азаматы барын хабарлады. Адамдары қаза болған немесе хабарсыз кеткен елдердің тізімінде Украина, Беларусь, Литва, Эстония, Қазақстан, Өзбекстан да көрсетілген.

Тізімде Қазақстан да болғанымен, кейін түзетілді. Яғни көрсетілген 42 елдің қатарына Қазақстанды қателесіп енгізген болып шыққан. Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуіне қарағанда, Израиль билігі таблицада қателік кетіпті деп біздің елімізден кешірім сұраған. Сөйтіп, Израильде қаза болған Қазақстан азаматы жоқ деген қорытынды жасалды. Америкалықтардың, ресейліктердің және басқа елдерден барғандардың кейбірі музыка фестивалінде болған екен. Өтіп жатқан фестиваль ХАМАС-тың шабуылына алдымен тап болған делінеді. Сол жерде әп-сәтте 260 адамды қырып салған.

Газа секторын Израиль блокадаға алды. Яғни сыртпен қатынас та, алыс-беріс те жоқ. Адамдар жарықсыз, сусыз, азық-түліксіз қалды. Оған қоса Израильдің ракеталарынан бейбіт тұрғындар қырылып та жатыр. Израильдің мұнысын ешбір ел құптап жатқан жоқ. Иран тіпті соғысқа араласамын деп ескерту жасады. Израильге бүйірден тап беруге Ливан да дайын отыр. Ливан анда-санда Израильге қарай ракета атып да байқады. Тәлібтер де жұлқынып тұр.

Қытай Израильді халықаралық құқықты бұзды деп айыптады. Қытайдың Сыртқы істер министрі Израиль Газа секторының бейбіт тұрғындарын қыруды тоқтатуы тиіс дейді.  Қытай министрі Палестинаға тәуелсіздік беру ғана проблеманы шешеді деген ұстанымын білдірді.

Израильді бүкіл араб елдері ашық түрде айыптап отыр. Олар Израиль Газа секторындағы агрессиясын тоқтатсын дейді. Сауд Арабиясы, Пәкістан, Каир, Иран, тағы басқа мұсылман елдері Газа секторын блокадаға алу мен атқылауды Израиль доғарсын деді.

ХАМАС пен Израильдің соғысын тоқтатудың жолын іздеп жатқандардың бірі Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған. «Аймақтағы барлық күшті ойыншыларды бейбітшілік орнату жауапкершілігін алуға шақырамыз... Біз қантөгістің артуына әкелетін қадамдардан аулақ болуымыз керек», – деді Ердоған. Түркия президенті бұл проблеманың шешімін айтып отыр. Ердоған қантөгісті тоқтатамыз және алдағы бұдан да үлкен қырғынның алдын аламыз десек, тәуелсіз Палестина мемлекетін құрып, Иерусалимнің шығысын астанасы етуіміз керек деген ойын білдірді.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды